Жаратылыстану-география факультеті география кафедрасы бойынша 2018 жылғы түлектерді жұмысқа орналасуы туралы есебі
2017-2018 оқу жылында жаратылыстану-география кафедрасы 5В011600-География,5В060900-География мамандықтары бойынша 29 түлек оқу бітірді. Соның ішінде педагогикалық мамандық бойынша 22 түлек (22-сі де қазақ тілінде),ғылыми география мамандығы бойынша 7 түлек (4 қазақ тілінде,3 қазақ тілінде).
5В011600-География педагогикалық мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандар саны 19 түлек,оның 4 түлек БҚМУ магистратурасында оқуын жалғастыруда және 2 түлек бала күтіміне байланысты жұмысқа орналаспады,1 түлек жұмыста жоқ.
Жұмысқа орналасқандардың көпшілігі аудандық, ауылдық, қалалық жалпы орта білім беретін мектептерде география пәні бойынша мұғалім,педагог ұйымдастырушы қызметтерінде жұмыс жасауда.Оқуды тамамдап, бірақ жұмысқа орналаспаған түлектер бойынша ақпаратта 1 түлек (Досмуратова Аксымбат) «Жастар практикасы» аясында жұмысқа орналасулары жоспанрлануда.
5В060900-География мамандығы бойынша 7 оқуды бітіруші түлектердің 5-еуі жұмысқа орналасқан,2-еуі бала күтіміне байланысты жұмысқа орналаспады. Жұмысқа орналасқандардың қатарында 1түлек БҚМУ магистратурасында оқуын жалғастыруда. Жұмысқа орналасқан түлектердің қатарында бұл мамандық бойынша ауылдық, қалалық жалпы орта білім беретін мектептерде география пәні бойынша мұғалім болып қызмет жасауда.
5В011600-География |
5В060900-География |
|||
Бітірген түлек саны |
Жұмысқа орналасқаны % |
Бітірген түлек саны |
Жұмысқа орналасқаны % |
|
2017-2018 о.ж. |
22 |
90,5 |
7 |
90 |
Өткен жылдармен салыстырып қарағанда, кафедраның түлектерінің жұмысқа орналасуы жоғары.Талдау нәтижесінде жыл сайын бітіретін түлектердің жылдың аяғына дейін жұмысқа көпшілігі орналасатыны байқалады.