Трудоустройство

Химия  кафедрасы бойынша 2019  жылы университет бітірген түлектерінің жұмыспен қамтылуы ақпарат

2018-2019 оқу жылы химия  кафедрасы бойынша 58 түлек оқу бітірді. Соның ішінде 5В011200-«Химия» мамандығы бойынша  бітірген түлектердің жалпы саны-26.  Оның -7 «Серпін» бағдарламасы бойынша, 14-мемлекеттік грант, 5- ақылы негізде оқыған.

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» бойынша  бітірген түлектердің жалпы саны 13 (  Оның -8«Серпін» бағдарламасы бойынша, 5-ақылы негізде оқыған )

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша  бітірген түлектердің жалпы саны - 19 Олардың барлығы да «Серпін» бағдарламасы негізінде оқыған. Бұл туралы мәлімет 1-кестеде көрсетілген.

Кесте 1 – «Химия» кафедрасы бойынша университет бітірген түлектердің оқу түрі

Мамандық

Жалпы саны

Олардың ішінде

Серпін

Грант

Ақылы

5В011200-«Химия»

26

7

14

5

5В072100-«ОЗХТ»

13

8

-

5

5В072000-«БЗХТ»

19

19

-

-

Барлығы

58

34

14

10

Енді осы түлектердің  жұмысқа орналасуы туралы тоқталсақ.

5В011200-«Химия» мамандығының «Серпін» бағдарламасы бойынша бітірген 7 түлектің үшеуі (Дәумен Ф.Р.,Жиеней Ә.Ж., Қуанышбай Қ.Қ.) тұрмысқа шығып қоныс аударуына байланысты, жұмысқа орналасқан жоқ. «Серпін» бағдарламасы бойынша оқыған түлектердің үшеуі (Жанас Айдана, Қожатай Гүлнар, Нуртаева Гүлназ) магистратураға оқуға түскен.

Осы мамандықтың мемлекеттік грант негізінде оқыған 14 түлектің  үшеуі (Амантай Анеля, Мақсот Камила, Мендалиева Камила)   магистратураға түссе, ал қалған барлық түлектер жұмысқа орналасты.

5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығында бойынша  бітірген 13 түлектің ушеуі магистратураға  оқуға түскен (Құрал Ақнұр, Беркінбай Айшолпан, Өмірзақ Арман),  4 түлек- жұмысқа орналаспаған, 1-әскерге кеткен, 1- декреттік демалысқа шығуына байланысты жұмысқа орналаспаған.

5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша «Серпін» бағдарламасымен бітірген .19 түлектің алтауы магистратураға  оқуға түскен. 6 түлек- жұмысқа орналаспаған.

Химия  кафедрасы бойынша 2019 жылы университет бітірген түлектерінің жұмысқа орналасуы көрсеткіштері 2-кестеде көрсетілген.

Кесте 2 – «Химия» кафедрасы бойынша университет бітірген түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері

Мамандығы

Жалпы саны

Жұмысқа орналасқандар

Магистратураға түскендер

Бала күтімінде отырғандар

Жұмыссыздар

Басқа жағдай

5В011200-«Химия»

26

17 (65.4%)

6

-

3(11.5%)

-

5В072100-

«ОЗХТ»

13

4 (30,8%)

3

-

4(30,7%)

1-әскерге кеткен

1-декреттік демалыс

5В072000-«БЗХТ»

19

7 (36,8%)

6

-

6(31,6)

-

Барлығы

58

28 (48,2%)

15(25,9%)

-

13(22,4%)

2 (3,4%)


Печать