Профориентация

 

 Жаратылыстану-география факультеті, «Биология және экология» кафедрасының 2022-2023 оқу жылының кәсіби бағдар жұмысының жылдық есебі 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  университеті 2020 – 2021 оқу жылы бойынша география кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысының    жылдық есебі

Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақта саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету сонымен қатар география пәні арқылы туған жердің қызықты керемет жерлерімен таныстыру.

География кафедрасы мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жоспарға сай жүргізді.

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері,  жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.

Кафедраның кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша кафедра отырысы жүргізіліп, 2020-2021 оқу жылына арналған кәсіби-бағдар беру жұмыс жүргізудің дәстүрлі және онлайн жоспарлары, қалалық жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына кәсіби бағдар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге баратын оқытушылар тізімі бекітіліп, жексенбілік мектеп кестесі жасақталды.

2020-2021 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес кафедра оқытушылары қалалық ЖОББМ №6  Галимов М.А., №7 Искалиев Д.Ж., №20 Хайруллина А.К., №30 Жармаганбетова Н.С., №43 Абдушева Г.Ж., №48  Ходжанова Б.Х.  аталған мектептердің 11 сынып оқушыларымен ұялы телефон ватсап жүйесінде байланыс орнатып, кәсіби бағдар беру мақсатында талапкерлерге арналған буклетер таратылды.

 №6 ЖОББМ жауапты оқытушы  Галимов М.А биылғы түлектермен байланыс орнатты, 11 «а» сыныбында 24 оқушы, 11 «б» сыныбында 25 оқушы оқитыны анықталды, түлектердің көбі бейіндік пәндерді таңдағанмен жоғары оқу орнын әлі де нақты таңдамағандарын айтты.

№7 ЖОББМ жауапты оқытушы Искалиев Д.Ж. пен №20 ЖОББМ жауапты Хайруллина А.К мектеп оқушыларымен байналыс орнатпады.

№30 ЖОББМ жауапты оқытушы Жармаганбетова Н.С. мектеп түлектерімен ватсап желісінде байланыс жасап, биылғы оқу жылында 3 сынып, 63 оқушының мектеп бітіргелі отырғаны анықталды,  түлектердің көбі бейіндік пәндерді таңдағанмен жоғары оқу орнын әлі де нақты таңдамағандарын айтты.

№43 ЖОББМ жауапты оқытушы Абдушева Г.Ж. түлектермен ұялы байланыс арқылы байланыс жасады. Мектепте 11 «а» сыныбында 12 оқушы, 11 «б» сыныбында 19 оқушы оқитыны анықталды. Оқушылармен әңгімелесу барысында оқушылардың бейіндік пәнді таңдап, ҰБТ дайындық жасап  жүргені және болашақтағы таңдаған жоғары оқу орындары жөнінде мәліметтер алынды. 11 «а» сыныбы оқушыларының көбі техникалық мамандық таңдағандары анықталды. 11 «б» сыныбының   12 оқушысы М.Өтемісов атындағы БҚУ-ға оқуға түсуге ниет  білдірді, қалғандары басқа оқу орындарын таңдағандары туралы айтты.

№48  ЖОББМ жауапты оқытушы Ходжанова Б.Х түлектермен байланыс орнатып, мектепте 11 «а» сыныбында 28 оқушы, 11 «б» сыныбында 16 оқушы оқитыны анықталды. Оқушылармен әңгімелесу барысында оқушылардың бейіндік пәнді таңдап, ҰБТ дайындық жасап  жүргені және болашақтағы таңдаған жоғары оқу орындары жөнінде мәліметтер алынды. 11 «а» сыныбының 7 оқушысы, 11 «б» сыныбының   4 оқушысы М.Өтемісов атындағы БҚУ-ға оқуға түсуге ниет  білдірді, қалғандары басқа оқу орындарын таңдағандары туралы айтты.

Оқушылармен әңгімелесу барысында толғандыратын сұрақтары

биылғы жылғы оқуға қабылдау және ҰБТ тапсыруда енгізілген жаңа өзгерістер туралы көптеген сұрақтар қойылды. Оқушыларға жаңа ақпараттар айтылып, жексенбілік мектеп туралы   ақпараттар берілді.

Кәсіби бағдар беру мақсатында  жоспарланған мектеп түлектеріне география мамандығы студенттерінің  далалық және алыс кешенді практикасы бойынша видео ролик  дайындалды. ZOOM платформасында «Мамандықтың бәрі жақсы» атты видео конференциялық кездесу желтоқсан айына жоспарланды, бірақ мектептерде тоқсандық жиынтық бағалаудың жүргізілуіне байланысты мектеп тарапынан рұқсат етілмеді, қаңтар айына кейінге шегерілді.

Кәсіби бағдар беру жұмысы 2020-21оқу жылының 2 жартысында ары қарай жалғасын тапты. Білім беру басқармасының келісімі бойынша жалпы орта білім беретін мектептермен өзара қатынас орнату және кәсіби бағдар беру мақсатында университетімізде ZOOM платформасында көптеген шаралар ұйымдастырылды.

11.02.2021 жылы  Байтерек ауданының Володар жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушыларымен ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында оқушылардың  физика+биология, биология+география бойынша бейіндік пәндер және дене шынықтыру бойынша шығармашылық бағытын таңдағандарын жеткізді. Кафедра меңгерушісі М.А.Галимов оқушылардың қойған сұрақтарына толық жауап берді.

 

12.02.2021 жылы Орал қалалық №20 жалпы орта білім беретін мектебінің оқу ісі меңгерушісі Гүлжанар Әлібекқызының қатысуымен  ZOOM платформасында қазақ сынып оқушыларымен кездесу өткізілді, 29 оқушы қатысты.

Кәсіби бағдар беру жұмысы орталығы мамандарының ұйымдастыруымен Ақжайық ауданы Чапаев ауылы №1 ЖОББМ  оқу ісі меңгерушісі Н.Е.Мұқанованың  және БҚУ-нің оқытушыларының қатысуымен  ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Кездесуге 25 оқушы қатысты.

24.02.2021 ZOOM платформасында жоспарланған «Мамандықтың бәрі жақсы» атты видео конференциялық кездесу өткізілді. Кездесуге кафедра ұжымы оқытушылары мен дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Т.Базартаев қатысты. Кездесуге қалалық №20, 30, 43, 48 ЖОББМ мектеп оқушылары шақырылды, бірақ көптеген оқушылар мектеп тыс уақыттарында USTUDY дайындық орталығына баруына байланысты оқушылар аз қатысты. Кездесу барысында география кафедрасы мамандықтары, кафедра ұжымы мен ғалымдары туралы толық ақпарат берілді. Кездесу барысында №48 ЖОББМ оқушысы Зарина Сейфуллиева маркетинг және менеджмент мамандығы бойынша сұраса,  ал №43 ЖОББМ оқушысы Қажығалиева Аэлита география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша және құжат тапсыру мерзімдері мен ережелері туралы сұрап, толық ақпарат алды.

 

16.03.2021  4 курс студенті Биғалиева Жансұлу педагогикалық сараман өту уақытыда Орал қаласы  №27 М.Мәметова атындағы физика - математика бағытындағы мектеп лицейінің  11 сынып оқушыларына офлайн форматында  кездесу ұйымдастырып, кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізіп, оқушыларды толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Оқушыларды ҰБТ даярлау бойынша жексенбілік мектеп жоспарланды, бірақ оқушылардың ұсыныс білдірмеуінен жексенбілік мектеп жүргізілмеді.

         Көктемгі демалыс  уақытында кафедраның аға оқытушысы Д.Ж.Искалиев Республикалық олимпиадаға оқушыларды дайындады.

         «ALTERNATIVE TUTOR» жобасының жұмыс жоспары, кәсіптік бағдар беру жұмысы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетімен бірлескен жұмыс жоспары бойынша 27.05.2021 жылы жаратылыстану –география факультеті ұжымымен БҚО аудандық мектептерінің 11 сынып оқушыларымен онлайн форматында жиын өткізілді.

2021 жылдың 11 мамыр - 30 маусым аралығында «FORUM» сауда ғимаратында орналасқан «USTUDY» оқу орталығында ҰБТ тапсырушы түлектерді  университетімізге  тарту мақсатында кәсібіи бағдар  жұмыстарын жүргізу үшін кезекшілік ұйымдастырылып, оқушылармен және ата аналармен түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.

Аға оқытушы Ходжанова Б.Х. ҰБТ тапсырушы оқушылармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үстінде

 

Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету, сонымен қатар, география пәні арқылы туған жердің қызықты, керемет жерлерімен таныстыру. География кафедрасы мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жоспарға сай жүргізілуде.

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.

Кафедраның кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша кафедра отырысы жүргізіліп, 2019-2020 оқу жылына арналған кәсіби-бағдар беру жұмыс жоспары, филиалдармен жұмыс жүргізу жоспары, қала жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына кәсіби бағдар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге баратын оқытушылар тізімі бекітіліп, жексенбілік мектеп кестесі жасақталды.

2019-2020 оқу жылына арналған кәсіби-бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес кафедра оқытушылары № 6 ЖОББМ, № 30 ЖОББМ, № 43 ЖОББМ, № 48 ЖОББМ және № 50 ЖОББМ, №27 М.Маметова атындағы физика-математика бағытындағы мектеп-лицейінде болып кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

04.11.2019 күні №27 М.Маметова атындағы физика-математика бағытындағы мектеп-лицейінің оқушыларына жүргізілген сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша 30 оқушының, 28 сауалнамаға қатысты. Оның ішінде 9 оқушы М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқуға түсуге ойланудамыз деп жауап берсе, қалған 19 оқушы басқа оқу орнын таңдап отырғандығын жазған.

 

Кафедра оқытушысы Б.Х. Ходжанова Орал қаласының №27 М.Маметова атындағы физика-математика бағытындағы мектеп-лицейінің түлектеріне түсіндірме жұмысын жүргізу сәті

11.11.2019 жылы №50 ЖОББМ оқушыларына сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша 30 оқушының, 27 сауалнамаға қатысты. Оның ішінде 5 оқушы М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқуға түсуге ниетін білдірсе, 11 ойланудамыз десе, 11 оқушы басқа оқу орнын таңдағанын айтқан.

 

Кафедра оқытушысы Б.Х. Ходжанова Орал қаласының №50 ЖОББМ түлектеріне түсіндірме жұмысын жүргізу сәті

Жоспарға сәйкес кафедра оқытушылары, бірнеше қала мектебінде кәсіби бағдар жүргізді. Қараша айының 12.11.2019 жылы г.ғ.к доцент Галимов М.А мен оқытушы Бекдайырова А А.С. Макаренко атындағы №6 мектепте кәсіби бағдар жүргізіп қайтты. Сауалнамаға қатысқан 31 оқушының 2 оқушы біздің М.Өтемісов атындағы БҚМУ таңдаған, 8 оқушы ойланудамыз десе, 21 оқушы жоқ басқа оқу орнын таңдағанын айтқан.

Сонымен қатар жоспарға сәйкес 12.11.2019 жылы кафедра оқытушылары Абдушева Г.Ж және Жармағанбетова Н.С №48 ЖОББМ-ке кәсіби бағдар жүргізді. Оқыту хаттамасына 21 оқушы қол қойған.

 

Кафедра оқытушылары Г.Ж.Абдушева мен Н.С.Жармаганбетова Орал қаласының №48 ЖОББМ түлектеріне түсіндірме жұмысын жүргізу сәті

04.12.2019 жылы С.К. Рамазанов №30 ЖОББМ бітіруші түлектермен, кәсіби бағдар жүргізіп, оқушылармен пікір алмасты. Сонымен қатар оқыту хаттамасымен жұмыстанды.

Кафедра оқытушысы С.К. Рамазановтың Орал қаласының №30 ЖОББМ түлектеріне түсіндірме жұмысын жүргізу сәті

2019 жылы 11 желтоқсанында №43 ЖОББМ «Жұлдызы жанған Тәуелсіз Қазақстан» атты кездесуге география кафедрасының доценті,. г.ғ.к С.К. Рамазанов арнайы шақырылып, 10 және 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу соңында С.К.Рамазанов жоғары сынып оқушыларына университетіміз жайлы біраз мағлұматтар беріп, берілген сұрақтарға жауап берді.

География пәнінің мұғалімі Наталья Қуанышқалиқызы көп жылдық еңбек өтілі бар қадірлі ұстаз. №43 ЖОББМ-де біздің бітіруші түлектеріміз жыл сайын педагогикалық сараманнан өтеді. Педагогикалық сараман барысында біздің студенттерімізге жанашырлықпен қарап, педагогикалық шеберлігін үйретеді.

Кафедра оқытушысы С.К. Рамазанов Орал қаласының №43 ЖОББМ түлектерімен кездесу сәті

24.12.2019 жылы география кафедрасының оқытушысы Е.Е. Айманованың ұйымдастыруымен, 3-курс студенттері кәсіби бағдар барысында №43 ЖОББМ болып қайтты. География мамандығын таңдаған 3 курс студенттері университетіміз жайлы мағлұмат беріп, оқыту хаттамасын жүргізді.

 

Г 31 тобының студеттері Жанақова А және Асланбекқызы Ж Орал қаласының №43 ЖОББМ түлектеріне түсіндірме жұмысын жүргізу сәті және география пәнінің мұғалімі Н.Қ. Садырбекова


Печать