Профориентация

Химия кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмысы туралы

2019-2020 оқу жылының қыркүйек-қараша аралығындағы

есебі

Химия кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы 2019-2020 оқу жылына жасалған жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жоспарға сәйкес Орал қаласының № 34, 38, 45 мектептерімен келісім шарт жасалды.

Химия кафедрасының жоспары негізінде келесі жұмыстар жүргізілді:

- химия кафедрасы филиалының жұмыс жоспары жасалды;

- қала мектептерінде кафедраның жауапты оқытушыларының тізімі бекітілді;

- қалалық орта білім беретін мектептерімен келісім шарт жасалды;

Сонымен қатар жақын арада келесі жұмыстар жоспарланып отыр:

- факультеттің оқу аудиториялары мен зертханалары бойынша қала мектептерінің оқушыларына экскурсия ұйымдастыру;

- Оқушыларды кәсіптік бағдарлау және үгіт жұмыстарын жүргізу мақсатында мектептерге бару.

Қыркүйек айында "химия"мамандығы бойынша кәсіптік бағдар беруге жауапты кафедра оқытушыларының тізімі бекітілді.

Кафедра оқытушыларын қазылар алқасының мүшелері ретінде қалалық және облыстық деңгейдегі конкурстық комиссия құрамына жиі шақырады.

Мысалы, 25 қыркүйек 2019ж. химия кафедрасының магистр оқытушылары Ержанова Н.С., Шамилова А.Ж., Ерошев О.Ж. "Дарын" ҚБО-да өткен "химия бойынша ХІІІ Президенттік олимпиада"комиссиясының мүшелері ретінде шақырылды. Олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары қатысты (№35 лицей, БИЛ, №34 ЖОББМ, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат, с. Сейфуллин атындағы № 11 облыстық дарынды балаларға арналған қазақ мектеп-интернат кешені және т.б.). Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар грамоталармен марапатталды.

Кафедра оқытушылары үнемі қаланың жалпы білім беретін орта мектептері оқушыларының ғылыми жобаларының рецензенттері ретінде қатысады. Осы кезеңде 13 жұмысқа рецензия берілді, рецензия бергендер Сдикова Г.Ж., Ерошев О.Ж., Шамилова А.Ж.

Факультеттің оқу аудиториялары мен зертханаларына Innoverse Oral мектебінің оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.

Кәсіби бағдар жұмысы бойынша жауапты

химия кафедрасының оқытушысы О.Ж. Ерошев

Кафедра меңгерушісінің м.а. А.Д. Нурмукашева


Печать