CLIL әдісін қолдану

2023 жылдың 9 қарашасы күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде, Жаратылыстану-география факультетінде «Биология сабақтарында CLIL әдістемесін қолдану» шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шеберлік сағатты биология ғылымдарының кандидаты Алма Уахитқызы Утаубаеваның жетекшілігімен 7М01509-Биология ББ МБ-21 топ магистранттары ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты - Биология сабақтарында оқытудың заманауи CLIL әдістерін қолдана отырып, студенттердің білім алуға деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру, үштілділікті дамыту болып табылады. Шара клеткалық биология, биотехнология, гендік инженерия және биоэкология салаларын қамтыды. Шараға белсенді қатысқан Б-ағылшын-4, БГ-31, Б-21 топтарының студенттері қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде CLIL әдістемесінен алынған тапсырмаларды арнайы дайындалған платформаларды пайдалану арқылы орындады. Іс-шара барысында WordWall (ұяшықтар әдісі),Educaplay (терминдермен жұмыс/сөз жұмбақ), Scan me ( биологиялық анықтама/Grabit), Canva (бағалау тақтасы) Mentimeter (кері байланыс тақтасы) заманауи цифрлық платформалар қолданылды. Сайыс нәтижесінде жеңімпаздарды Ұлы Казимир университетінің профессоры, философия докторы Кристиан Оболевски марапаттады.


Печать