Шетелдік ғалым – тәжірбиесімен алмасуда

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдауымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде 2023 жылдың 23 қазан – 16 қараша аралығында Польшалық ғалым докторы К.Оболевски жаратылыстану-география факультетінде  ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді. Жұмыс барысында арнайы жоспар құрылып, бірнеше бағыттарды қамтиды. Оның ішінде факультет профессор-оқытушыларының сабақтарына қатынасып, әдістемелік қолдау көрсетсе, жас ғалымдарымызға халықаралық рейтингілік ғылыми басылымдарда мақала жариялау жолдарын үйретіп, ғалымның өзінің жеке шеберлік кластары өтеді.  Ұлы Казимир университетімен ғылыми байланыстың жалғасы ретінде доктор К.Оболевски жарияланған ғылыми жобалар байқауына факультет ғалымдарымен бірлескен ғылыми жоба әзірлеу үстінде. Доктор К. Оболевскидің гидробиология, биомониторинг бағытындағы ашық курстарына факультеттің жас ғалымдары, магистранттары қатынасады. Кристиан Оболевки бірнеше тілді жақсы меңгерген маман (ағылшын тілі, неміс тілі, орыс тілі және т.б.) Н индексі көрсеткіші 11 тең, дәйексөз көрсеткіші 253 тең белгілі ғалым. 2007 жылдан бастап ғылыми жобалар орындауда үлкен жетістігі болуына орай, факультет ғалымдарымен бірлескен ғылыми мақалалар жазу жоспарлануда. Сонымен бірге факультет ғалымдарымен күнгі далалық ғылыми зерттеулер аясында жұмыстар жүргізіледі.


Печать