М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде 2022 жылдың 22 желтоқсаны мен 2023 жылдың 23 қаңтар аралығында Ресейдің ғалымы, география ғылымдарының докторы Вадим Павлович Петрищев шетелдік ғалым жобасы аясындағы жұмыс барысында университет геология мұражайына жаңа минералдарды сыйға тартты. Сыйға тартылған минералдар уваровит және меланит.
Меланит немесе қара гранат Орынбор облысы, Кувандык ауданы, Шубино селосында Орталық Орал шоқысы маңынан табылған.
Уваровит минералы Орынбор облысының Светлин ауданындағы Блакский карьерінен табылған.