«Иванов оқулары-2022»

    5 қазан күні Жаратылыстану-география факультетінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 90-жылдығына және ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Рустенұлы Рустеновтың мерейлі 80-жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Иванов оқулары-2022» халықаралық қатынасумен ғылыми практикалық конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға Қазақстан мен Ресейден және Қытай, Испания елдерінен баяндамалар түсті. Соның ішінде, Серік Қанатбаев – б.ғ.д., профессор, Ксения Жихарева, Елена Олексиевичтер – Санкт-Петербург қаласының ғалымдары, V. Sabater – экономика докторы Аликанте Университеті, Испания, Қытайдың Янлин университетінің ғалымы Wei Feng. Конференция барсында профессор Амангелді Рустеновты университет ректорының Құрмет грамотасымен марап аттап, құттықтады.


Печать