М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған, «Әдістемелік апталық» аясында өткізілген "Қарттарым асыл қазнам" деп аталатын тәрбиелік шараны ұйымдастырған биология мамандығының 1 курс студенттері Б-11-1 тобына және ардагер ұстаздарымызға және қатысқан қонақтарымызға рахмет айтамыз.
Студенттеріміз үлкенді сыйлап, құрметтей білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бұл тәрбиелік шарада студенттер өз өнерлерін (әже туралы өлең, әке турлы өлең, ана туралы монолог, үлкенді бағалай білу көрініс, би т.б.) көрсетті. Төмендегі суретте көріністен үзінді.
«Үлкенді құрметтей білейік» деген, көріністен үзінді, «Қарты бар үйдің, қазынасы бар» деген, нақыл сөз әр жастарымызға ой салатыны сөзссіз. Үлкенді силап, құрметтей білу қазіргі кездегі жастардың, жас буын студенттердің, міндеті болу керек. Себебі ертен өзімізде қартайып, сол кісілердің күйін кешпесіне, кім кепіл! Үлкенге құрметімізді, қазірден бастап білдірсек, ертен өзімізге де сондай құрмет болады.
Анамның маңдайындағы әжімі мен самайындағы ақ шашы, ол бізді ойлап, ешкімнен кем болмаса екен - деп, ешкімге жәутеңдемесе екен – деп, күні - түні біздің қамымызды ойлап, шаршаған күйі деп білемін! «Анамның күлімдегені жаныма жылу береді» деп, бекер айтпайды, өмірдегі ең әдемі күлкі, ол әрине, анамыздың жымиған күлкісі, осы орайда ардагер ұстаздарымызға биші қыздарымыз би билеп берді. Төменде биден көрініс.
Қорыта келгенде айтарымыз, қарт кісіні құт-береке деп танысақ, ол – ұрпақтың көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әрқашан да бақытты. Ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын! Қарттарым, аман-сау жүрші...
Тәрбиелік шараны ұйымдастырған:
Биология және экология кафедарсының
оқытушысы магистр, Б-11-1 топ
студенттерінің кураторы: Кабаева С.М.