Ақпан айының 16-шы жұлдызында жаратылыстану-география факультетінде, биология мамандығының 2, 3 курс студенттеріне аға оқытушы Светлана Николаевна мен Орал қаласындағы №40 мектебінің биология пәнінің ұстаздары Рахметуллина Самал Гайсиевна, Гусманова Азиза Адилбаевнаның ұйымдастыруымен «Білім берудегі 10 тренд» атты шара өткізілді. Шара студенттердің және ұстаздардың бір-бірімен танысып, көңіл-күйлерін көтеру үшін ерекше әдіспен және студенттердің қаншалықты қазіргі таңдағы білім беру жүйесінен хабарлары бар екенін білу үшін сауалнама әдісімен басталды. Шара барысында ұстаздар студенттермен, оқу барысында қолдануға болатын өздерінің пайдалы ақпараттарымен, интернет-ресурстармен және қазіргі таңдағы білім берудегі 10 трендпен бөлісті. Мысалы: LearningApps, Wordwall, Quiz интернет- ресурстары арқылы студенттер өз қолдарымен тапсырма жасап үйренді. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі тағы бір тренд ол «Модельдеу» екені айтылып қана қоймай, студенттерге тапсырмалар беріліп әр топ өздеріне берілген модельді құрастырып шығарды. Мысалы, бір топ шырын түтіктерін, қатты қағаздарды, шарларды қолдану арқылы тыныс алу жүйесінің моделін жасады. Бұл әдіс студенттерге өте қызықты болды.
«Білім берудегі 10 тренд» атты іс-шара студенттерге өте қызықты, әрі өте пайдалы болды. Өйткені, заман ағымына қарай білім берудегі әдістер де оқушылардың, студенттердің ақыл ойын дамыту үшін, зерек бола білуі үшін өзгеріп отыруы қажет деп есептеймін. Біз болашақ педагогтар болғандықтан бұл ақпараттардың бәрі бізге пайдалы болды. Яғни, қазіргі таңда оқушылардың барлығы сабаққа белсенді қатысуы үшін, әрі сабақ қызықты өту үшін осындай әдістердің керектігі сөзсіз. Соның ішінде «Модельдеу» әдісі оқушылар үшін ерекше, қызықты әдіс. Өйткені, бұл әдісте оқушылар өз қолдарымен әртүрлі модельдерді жасап шығарады, әрі бұл олардың естерінде мәңгі сақталады десекте болады.
Өз сөзімді қорытындылай келе, осы шараны ұйымдастыруға, өздерінің пайдалы ақпараттарымен бөлісуге алтындай уақыттарын бөліп келген биология пәнінің ұстаздары Рахметуллина Самал Гайсиевна мен Гусманова Азиза Адилбаевнаға өз алғысымызды білдіреміз!
Бисенғалиева Әйгерім, Б-31 тобы