Ағымдағы жылдың ақпан айының 14 – 18 күндері аралығында Жаратылыстану – география факультетінде «Оқу үрдісіндегі инновациялық педагогикалық технологиялар» тақырыбында әдістемелік апталық басталды. Апталық 14.02.-18.02.2022 жж. аралығында жоспарланып отыр. Апталықтың мақсаты: оқу үрдісіндегі инновациялық педагогикалық технологиялар арқылы оқытушылардың кәсіби шеберлігін, шығармашылық әлеуетін дамыту және жоғарылату, тәжірибе алмасу және студенттердің білімдерін арттыру.
Апталықтың ашылуы Google Meet платформасында жүзеге асырылды. Алдымен модератор жаратылыстану - география факультетінің деканы м.а Ә.Қ.Абдырахман апталықтың өту бағдарламасымен таныстырды. Әдістемелік апталыққа химия, биология және экология, география кафедраларының ПОҚ жұмылдырылды. Апталықтың ашылуына әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің аға сарапшысы Ш.Б.Абишева, әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің сарапшысы Л.Н.Темрешова қатысып, сөз сөйледі. Факультет деканы м.а. Ә.Қ.Абдырахман апталыққа белсенді қатысып, апталықтың жоғары деңгейде өтуіне сәттілік тіледі.
«Биология және экология» кафедрасы, «Ботаника» үйірмесі және үйірме жетекшісі Ж.С.Кажымуратованың ұйымдастыруымен «Еңбегімен ер сыйлы, өнбегімен жер сыйлы» тақырыбында С.И.Исаевтың алма бағын қалпына келтіруші, селекционер К. Каримовпен кездесу өтті. Бір кездегі И.В.Мичурин С.И.Исаев сынды селекционер ғалымдар шығарып кеткен алма сорттарын сақтап, көбейтіп болашақ ұрпаққа жеткізем деп еңбектенген Қайрат Каримов алма өсірудің қыр-сыры мен алма сорттарын таңдау, оларға керекті күтім жайында кеңес берді. Елімізде алма генофондын сақтап қалу үшін дәл осылай еңбектеніп отырған бүкіл посткеңестік елдерде тек жерлесіміз Қайрат, үнемі Ресей ғалымдарымен кеңесіп отырады. Шара барысында факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері кеш қонағына өз сұрақтарын қойып, алғыстарын білдірді.
https://geofac.wku.edu.kz/index.php/novosti/273-zharatylystanu-geografiya-fakultetinde-o-u-rdisindegi-innovatsiyaly-pedagogikaly-tekhnologiyalar-atty-distemelik-aptaly-y-bastaldy#sigFreeId63980ff07c
14.02.2022 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 90 жылдығы мен химия кафедрасының негізін қалаушы, химия ғылымдарының докторы, профессор, ғылым Академиясының корреспондент - мүшесі Ерден Нығметұлы Әзербаевтың 110 жылдығына арналған «Тапқырлар додасы» атты химиялық турнир өтті. Химиялық турнирге қаламыздың 9 мектебі қатысты:
- «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
- Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстықмамандандырылған мектеп-интернаты
- «М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицей» КММ
- «Хиуаз Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
- «Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы» КММ
- Орал қаласының №43 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
- "125 HIGH SCHOOL"
- Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
- Әлия Молдағұлова атындағы № 38 мектеп – лицей
Сайыс 5 кезеңнен тұрды: Құпия бейне, полиглот, сәттілік ұяшығы, кім мықты:,Венгр сөзжұмбағы. Оқушылар интеллектуалды ойынға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды: 1-орын - "125 HIGH SCHOOL"; 2- орын - Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстықмамандандырылған мектеп-интернаты ал 3-орын - Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі иеленді, сонымен қатар қатысқан оқушыларға сертификаттар мен пән мұғалімдеріне алғыс хат берілді.