15 наурыз күні ғылыми кітапхана мен жаратылыстану –география факультетінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетінің классигі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына арналған «Ұлт мүддесін көздеген сыншы –қазақ жазушысы» атты әдеби кеш болып өтті.
Аталмыш кешке филология ғылымдарының кандидаты, доцент Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы келіп студенттерге Ж.Аймауытовтың шығармашылығы мен оның қазақ әдебиетіндегі қалдырған ізі туралы баяндады.
Әрі қарай жазушының шығармашылығынан алынған "Неғып жатыр" өлеңін Химия БББ 1курс студенті Сағындыққызы Дильназ, Серік Тұрғынбекұлының «Жүсіпбек» атты өлеңін Биология-Психология БББ 1курс студенті Уалиоллина Дамира және Биология-География БББ 1 курс студенті Ержігіт Алдияр Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінен үзінді оқып берді.
Кеш барысында Химия-Биололгия БББ 1 курс студенті Манарбек Нұртілеу «Балбырауын» күйін орындаса, Химия БББ 1 курс студенті Нурлыбаев Саят «Самға, қазақ» әнімен әдемі көңіл күй сыйлады.
Жаратылыстану-география факультетінің декан орынбасары Удреева К.С., ғылыми кітапхана директоры Т.Е. Алимбекерова, кітапханашы Мухтарова В.С. кешті қорытындылап көрермендерге ризашылығы мен алғысын білдірді. Кеш өте әсерлі өтті.