Жаратылыстану-география факультетінде 6.03.2024 ж. Орал қаласындағы педагогикалық шеберлік орталыңының менеджері Капанова Гульмира Гайсиевна оқытушылар мен педагогикалық бағытта оқитын білім алушыларға Заманауи білім беру мәселелерін бірлесіп талқылауға әлемдік зерттеу орталықтарын тартуды, Қазақстандағы білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін педагогикалық білім берудің қазіргі заманғы трендтерін дамытуға жәрдемдесуді, білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы халықаралық білім беру технологияларымен және бірегей оқыту әдістемелерімен тәжірибе алмасу және танысуды, кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың жаңа түрлерін дамытуды және де республикада педагогикалық білім беру трендтерін дамыту бойынша тиімді шешімдер іздеу және ұсыныстар әзірлеу мен инновациялық білім беру технологиялары және оқыту әдістері туралы шеберлік сағатын өткізген болатын.