Жаратылыстану-география факультетінің әдістемелік айлығы аясында наурыз айының 1-ші жұлдызында «Ботаника» үйірмесінің жетекшісі Кажымуратова Ж.С және үйірме старосталары Өтепбергенова А.А, Жұмақұлова Ә.А ұйымдастыруымен Б-11, БП-11, БГ-11, БГ-13 топ студенттері арасында «BotaniQuest» интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайыс студенттердің интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға және ғылыми білімге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Интеллектуалды сайыс 4 кезеңнен тұрды:
- Botanical acquaintance - таныстыру кезеңі. Бұл кезеңде қатысушылар топты және топ эмблемасын таныстырды.
- Excursio Botanica - ботаникалық сұрақтарға саяхат. Қатысушы топтар күрделілігі әртүрлі сұрақтарға жауап беру арқылы ботаника бойынша терең білімдерін көрсетті.
- Pairing Pursuit Quest - топ басшылар сайысы. Топ басшылары терминдер мен ашқан ғалымдарды сәйкестендірді.
- Plantarium Exploratio (өсімдіктер әлемін зертеу) - әр топ үлестірген материалдар көмегімен жасырылған өсімдік атауын тауып, сипаттама беріп өтті.
Сайыс қорытындысында жеңімпаз топтар мен қатысушы топтар марапатталып, «Ең үздік эмблема» номинациясы берілді. Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушылардың және әр топтың қолдаушыларының арқасында іс-шара сәтті және нәтижелі өтті.