«Биология сабағын белсенді оқыту технологиялары»

1 желтоқсан күні МБ-21 топ магистраннтары Мир Ә., Курманова А., Маратова Б. ұйымдастыруымен «Биология сабағын белсенді оқыту технологиялары» тақырыбы аясында «Биология көшбасшысы»  атты интелектуалдық сайыс өткізілді. Іс -шараның мақсаты: Биология сабағын  белсенді оқыту технологияларын үйрену және студенттер мен магистранттар арасында тәжірибе алмаса отырып инновациялық технологиялар мен интерактивті әдістерді пайдалану арқылы студенттердің білім алуға деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Интелектуалды сайыста БГ-31, Б-31 және ХБ-11 топтары бақтарын сынап, белсенділік танытып жүлделі орындарға ие болды. Іс-шара  «4сурет 1 жауап», «Топ басшылар сайысы», «Ұлы ғалымдар», «Модельдеу», «Видео сұрақ» деп аталатын 5 кезеңнен құралып, оқу-әдістемелік «Wordwall», « Educaplay»,

«Learningapps», «Padlet», «QR»  және дизайндық «Canva» платформалары пайдаланылды. Интелектуалды сайыс барысында студенттер жаңа инновациялық платформалармен танысып қана қоймай, арнайы сұрақтарға белсенді жауап беріп, пікір алмасты. Адам анатомиясы бөлімі бойынша «Тыныс алу жүйесі», «Ас қорыту жүйесі», «Қан айналым жүйесі» тақырыптарында жобалық модель құрастырып қорғады. Шара соңында кафедра оқытушылары жеңімпаздарды марапаттап, қатысушыларға алғыс білдірді. Интелектуалдық сайыс жоғары деңдейде өткізіліп, студенттер мен магистранттар арасында білікті тәжірибе алмасу болды.


Печать