«Biolоgy fest» атты интеллектуалдық ойыны өтті

11.03.2022ж «Оқушылар сарайы» МКҚК - да М.Өтемісов атындағы БҚУ,  Жаратылыстану-география факультетімен меморандум аясында Орал қалалық ЖОБММ -мен «Biolоgy fest» атты интеллектуалдық ойыны өтті. Шараға Орал қалалық №34ЖОББМ, №42 ЖОББМ,  №44 ЖОББМ және «Оқушылар сарайы» МКҚК-дан құралған «Аманат», «ДНҚ», «АТФ»,  «Жас зерттеушілер»,  «Болашақ» топтары қатысты. Сайыс: «Таныстыру», «Ботаника», «Зоология», «Анатомия» атты 4 кезеңнен тұрды. Шара барысында оқушылар арасында биология бағытында керемет бәсеке орын алып,  қатысушылардың білім деңгейі сынға түсті.  Жарыс нәтижесі бойынша  №46 ЖОББМ«АТФ» және «Оқушылар сарайы» МКҚК «Жас зерттеушілер» топтары «Алғыс хатпен»,  №42 ЖОББМ «Болашақ» тобы III дәрежелі, №34 ЖОББМ «Аманат» тобы II дәрежелі, №44 ЖОББМ «ДНҚ» тобы I дәрежелі дипломдармен марапатталды.


Печать