«Биология және экология» кафедрасы ұйымдастырған 16 ақпан 2022 жылы Орал қаласы мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында «Биология» бойынша пәндік олимпиада

Жаратылыстану-география факультеті, биология және экология кафедрасының 2021-2022 оқу жылының кәсіптік бағдар беру жоспарына сай, 16.02.2022ж. кафедраның ұйымдастыруымен Орал қаласының мектеп-лицей, мектеп-гимназия және ЖОББМ-нің 11-сынып оқушылары қатысқан «Биология» пәні бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаты мектеп оқушыларының пән бойынша білімін тереңдету, оқу-танымдық, зерттеушілік қабілеттерін дамыту және кәсіптік бағыт бағдар беру.

Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті алдын ала Орал қалалық білім беру бөліміне хат жолданды, мектептерге шақырту жіберген болатын. Олимпиадаға Орал қаласының № 1, 4, 6, 7, 9, 16, 17, 19, 20, 25, 35, 37, 32, 44, 50  МЛ, МГ және ЖОББМ-нен барлығы 34 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қазылар алқасының құрамы факультет деканының өкімімен қазылар алқасының төрайымы а/ш.ғ.к., доцент Рустенова Р.М, мүшелері аға оқытушылар Мамышева М.В., Бохорова С.Н., Жамалиева Л.С.,  Бисенгазиева А.С. бекітілді.

Олимпиада теориялық және практикалық бөлімдерден құрылды. Теориялық бөлім екі блоктан: бірінші блоктың сұрақтарында бір жауап дұрыс болса, екінші блоктың сұрақтарында есептер шығару, суретті сәйкестендіру және ауызша жауап беру болды. Олимпиада тапсырмалары ботаника, зоология, эволюция, молекулалық биология, өсімдіктер физиологиясы, адам және жануарлар физиологиясы, цитология, гистология, генетика, экология сияқты биология ғылымының салаларын қамтыды.

Олимпиада нәтижесі бойынша жүлделі І орынды Орал қаласы №35 МЛ-нің 11-сынып оқушысы Мацура Мария иеленсе, ІІ орынды №16 ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Зорин Даниил, ІІІ орынды №37 ЖОББМ-ң 11-оқушысы Қайырғали Назерке және №47 ЖОББМ-ң 11-сынып оқушысы Тоғжанова Амина өзара бөлісті. Пәндік олимпиадаға белсенді қатысқандары үшін №9 ЖОББМ оқушысы Гнетова Анжелика, №20 ЖОББМ оқушысы Салауатов Азамат, №1 ЖОББМ оқушысы Тулеугалиева Мейрамгуль, №4 ЖОББМ оқушысы Ақберлина Амина және №37 ЖОББМ оқушылары Ерсайнова Аяулым мен Қайыржанова Дилназға алғыс хаттар табысталды.

Жоспараланған шараны ұйымдастыру барысында мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстары жүзеге асырылды. Кафедра оқытушылары мен "Биология-География" БББ 2 курс студенттерінің қолдауымен демопрезентация ұйымдастырылды және түлектерге арнайы дайындалған БББ туралы буклеттер таратылды.

Бұл шараны ұйымдастыруға ат салысқан кафедра оқытушылары мен студенттерге алғыс білдіремін.

 

Бисенгазиева А.С.

 

«Биология және экология» кафедрасының ұйымдастыруымен 2022 жылының 16-шы ақпан күні Орал қаласының ЖОББМ-нің 11-сынып оқушылары арасында «Биология» бойынша пәндік олимпиаданың сәттерінен фотоесеп

Сурет 1. «Биология» бойынша пәндік олимпиаданың теориялық бөлімінен көрініс 

Сурет 2. «Биология» бойынша мектеп түлектеріне арналған пәндік олимпиаданың практикалық бөлімінен көрініс

Сурет 3. Мектеп түлектеріне арналған демопрезентациядан көрініс

 

Сурет 4. Марапатталған мектеп түлектерімен кафедра оқытушылары

 


Печать