«Химия - ғажайыптар әлемі!»

2023 жылдың 14-ші қараша күні  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті жаратылыстану-география факультетінің оқу-ісі жөніндегі декан орынбасары Д.Ж. Киишева мен п.ғ.к С.Г. Айтуганова жетекшілігімен 7М01507-Химия білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары «Химия - ғажайыптар әлемі!» атты 6В01534-Химия, 6В01508-Химия-Биология, 6В05301-Химия БББ 1 курс студенттерінің «химия пәні» бойынша білімдерін сынау мақсатында білімділер додасы өткізілді. Іс-шараның басында факультетіміздің деканы А.А. Тургумбаев алғы сөз айтып, қатысушы студенттерге сәттілік тіледі. Қатысушыларымызда, залдағы көрермендер де ерекше ықыласпен ат салысып, белсенді түрде қатысты. Ойынға қатысушылар 1-курс студенттері, алғырлығымен, бәсекелестігімен ерекше көзге түсті. Дода жеңімпазы 1-курс студенті Кабдыгали Дәмегүл атанды. Қорытынды сөз доцент, п.ғ.к. С.Г.Айтугановаға сөз беріліп, жеңімпаздарды марапаттап, химиктердің «гимнімен» іс-шара аяқталды.


Печать