Uralsk Green Forum 5-ші халықаралық экологиялық форумы өтті

10-шы маусым күні «Атамекен» мәдениет сарайында Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. мен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі бірлесіп  Uralsk Green Forum 5-ші халықаралық экологиялық форум ұйымдастырды.  Форумның қатысушылары: ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ҚР Парламенті Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің өкілдері, өңірлік деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, мемлекеттік және жеке сектордағы табиғатты пайдаланушы компаниялардың өкілдері, салалық және мамандандырылған қауымдастықтар, Экология, табиғатты пайдалану, жасыл энергетика сарапшылары мен мамандары, байланысты салалардың басқа да сарапшылары, Республикалық және аймақтық БАҚ, БҚО студент жастарының өкілдері болды. Форумның мақсаттары мен міндеттері:

  • Тәжірибе алмасу және «жасыл» экономика тұжырымдамасын іске асыру аясында одан әрі ынтымақтастық үшін платформа құру;
  • Бірлескен күш-жігерді тұтастыру және өңірдің орнықты дамуының ортақ пайымын қалыптастыру үшін қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша кешенді диалогты нығайту;
  • Экологиялық басымдықтары мен құндылықтары бар жаңа ұрпақты тәрбиелеу үшін жастар арасында экологиялық сауаттылықты арттыру.

Форум барысы бірнеше бағдарламадан тұрды. Студенттік сессия №1-де «ТҰРАҚТЫ БОЛАШАҚ ҮШІН ЖАСЫЛ БАҒЫТ» ECO TALKS оздырылды.

Негізгі міндет: жастардың әлеуетін дамыту және жасыл экономиканы ілгерілетудегі жастардың рөлін арттыру. Экологиялық жастар қозғалысын жандандыруға ынталандыру үшін жағдай жасау

Модератор: Бакытжан Хаберович Нарымбетов – БҚО әкімінің орынбасары

1) Бізге экологиялық тазалық неліктен қажет және біз не істей аламыз?

Баяндамашы: Дәмеш Булатовна Бекталиева – Қоршаған ортаны қорғау және нормативтік талаптарға сәйкестік жөніндегі басшысы, Карачаганак Петролиум Оперейтинг б.в

2) Қалдықтарды басқарудағы бизнес-кейс: табысқа жетудің рецепті / шаруашылық айналымға қайталама шикізатты тарту: шағын бизнес тәжірибесі

Баяндамашы: Владислав Михайлович Голярко – «Eco Cashback» сервистік компаниясының қайталама шикізатты жинау және өндірістік дайындау жөніндегі жобасының негізін қалаушысы. ECO-MEKEN Республикалық байқауының жеңімпазы.

Форумға М.Өтемісов атындағы БҚУ Жаратылыстану – география факультетінен Химия, биология және экология кафедрасының 1,3 курс студенттер мен жетекшілері қатысты.

PhD докторы, биология және экология кафедрасының аға оқытушысы Р.Ж.Кожагалиеваның жетекшілігімен «Менің эко-әдеттерім» тақырыбында Мухамбетьярова Дана, Бегалиева Зарина 1,4 курс студенттері және «Сенбілік жасау немесе ауланы тазалау, ағаш егу» тақырыбымен 4 курс студенті Бұқарбай Зарипа, «Биология – География» мамандығының студенттері Жулкашева Индира мен Косанов Нурлан «Қоршаған ортаның экологиялық проблемалары» атты  өз жұмыстарымен қатысты.

Химия кафедрасының студенттері Х-31 тобының студенттері Ташманова Жайнагуль «Полиэтилен пакетін қолданбау», Қаблезов Мирболат «Экологиялық проблемаларды шешудегі эко-әдеттер», Хим – 31 тобының студенті Сидағалиев Мирболат «Сортировка отходов», 1 курс студенті Қойшыбай Санжар «Менің қоршаған ортаға қазір тигізе алатын пайдам» тақырыптарымен қатысты. Жетекшісі химия кафедрасының оқытушысы, магистр М.М.Мукашева.

ECO TALKS кезінде студенттер өздерін толғандырып жүрген мәселерді сұрақ ретінде қойып, спискерлерден нақты жауап ала алды. Форум соңында қатысушыларға сертификат беріліп, естелік суреттерге түсірілді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған Uralsk Green Forum 5-ші халықаралық экологиялық форумы  студенттердің экологиялық сауатын арттырғанына кәміл сенімдімін.

ЖГФ декан м.а. Абдырахман Ә.Қ.

 


Печать