2024 жылдың 23 ақпан күні Облыстық тарихи өлкетану музейінде «Экологиялық қауіпсіздік – Қазақстанның өзекті мәселелерінің бірі» атты ғылыми — практикалық конференцияға факультетіміздің оқытушылары Рамазанов С.К., Альжанова Б.С, Ергалиев А.С, Бохорова С.Н және БП-11, Гео-11, Эко-11,Эко-12 топ студенттері қатысып, қазіргі таңдағы экологиялық өзекті мәселелер туралы пікір алмасты. БГ-21 топ студенті Акберлиева Амина мен БП-11 топ студенті Смагул Ақбота "Табиғатты қорғау - болашақты ойлау !", Эко-31-1 топ студенттері Алексеева Татьяна,Нургалиева Дильназ "Водная безопасность Республики Казахстан" атты тақырыптарда баяндамаларын жасады. Шара соңында Батыс Қазақстан облысы тарихи өлкетану музейінің "Табиғат және экология" бөлімінің меңгерушісі Жумагазиева Айгул Умиргалиевна қатысушыларға алғысын білдіріп, арнайы "Алғыс хатпен" марапаттады.