Шеберлінің қолы алтын

Ұлттық құндылықтарды насихаттау аясында 2024 жылдың 21 ақпан күні факультетіміздің студенттеріне арнайы Сән және костюм дизайны мамандарын даярлау білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, магистр, қолөнер шебері Есенгалиева Алия Кайнеденовна және Көркем еңбек және мектептегі  дизайн мұғалімдерін, сән және дизайн мамандарын дайындау білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы Катчекова Шынар Ердайыновнаны шақырып "Шеберлінің қолы алтын " деген тақырыпта танымдық кеш ұйымдастырылды.Шарада қазақтың қолөнері бойынша  киіз, тоқыма, ағаштан  т.б жасалған бұйымдардың жасалу жолы, тарихы жақынырақ таныстырылды.Сонымен қатар аға оқытушы Катчекова Шынар Ердайыновна қыздарға қиынды маталардан сәндік бұйымдар жасатып шеберлік сағатын өткізді.Қыздарға шара өте қатты ұнады.

 


Печать