«Қатты қалдықтарды қайта өңдеу - заман талабы»

2023 жылдың 15 қараша күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Жаратылыстану-география факультетінде 15 қараша - Дүниежүзілік екіншілік қайта өңдеу күніне орай жаратылыстану-география факультетінің  білім алушы студенттеріне «Қатты қалдықтарды қайта өңдеу - заман талабы» атты тақырыпта шеберлік сағаты оздырылды. Тәрбие сағаты алға қойған студенттерге табиғаттың тозуы – экологиялық дағдарыс екенін жіті түсіндіре отырып, қалдық заттарды өз қолдарымен қайта өңдеу, табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға, қорғауға бағытталған мақсаты өз мәресені жетті. Сабақ барысында студенттерге қоқыстың зияны туралы бейнеролик  көрсетіліп, қоқысты қайтадан сұрыптауға болатыны туралы толық, жан-жақты мағлұмат берілді. Тұрмыстық қатты қалдықтарды, қағаздарды, пластик заттарды қайта өңдеу үлесін арттыру үшін бөлек жинау жәшіктері қойылғандығы айтылып, қайта өңдеу саласын дамыту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде студенттер тарапынан бұл өзекті мәселе аясында пікір алмасу, талқылаулар ортаға салынып,көптеген ұсыныныстар келтірілді. Студенттер берілген заттарды тиімді пайдаланып, өз қолдарымен тұрмыстық қажетті, декоративті туындылар жасап шығарды. Сабақ соңы қайта өңдеудің қоршаған ортаға және еліміздің экономикалық жағдайына зор үлесі баса айтылып қорытындыланды.

Кері байланыс қатысушылар мен көрермендердің (жаратылыстану ғылымдарының магистрі Удреева К.С. ; Б-21, Б-11, Эко-41 студенттері) өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап беруімен аяқталды.

Шараға  6В01509 Биология БББ 2 курс және 6В05201 - Экология БББ 1-4 курс  студенттері  қатысты.

Сараман жетекшісі: (PhD  докторы) Сарсенова А.Н.
Ұйымдастырушы МБ-21 топ магистранттары: Жубаева Ж.Б., Рахметова А.С.

 


Печать