2023 ж. 9 қараша күні Жаратылыстану-география факультетінің «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» пәні бойынша аға оқытушылар А.Г.Абдрахманова мен Г.Ж.Сдикова ұйымдастыруымен тәжірибеге бағытталған оқыту шеңберінде 6В05301 – «Химия» БББ студенттеріне «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» зауытында экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында студенттер 6 экструзия желісінің жұмысымен, сонымен қатар «Krauss Maffei Berstorff» заманауи жабдықтарымен танысып, полимер қабықшаларын алу, полимер қалдықтарын өңдеу әдістерін меңгерді. Полимерлерді экструзия, қысыммен құю өңдеу әдістерімен танысты.