«Ұлы ғалым - В.Иванов»

2021 жылдың 13 желтоқсанында М.Өтемісов атындағы БҚУ жаратылыстану-география факультетінде В.В.Иванов атындағы атаулы шәкіртақы иегері, биология мамандығының 4-курс студенті Г.Қ.Смағұлованың ұйымдастыруымен көрнекті ғалым-энциклопедист, Бүкілодақтық КСРО географиялық қоғамының Құрметті мүшесі, «Профессор В.В.Ивановты таныстыруға арналған танымдық кеш» өткізілді. Шараға факультеттің 1-4 курс студенттері және «биология және экология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Тұңғыш биология ғылымдарының докторы, Қазақстанның дүние жүзіне танылған тұңғыш профессоры әрі БҚО геоботаника және өсімдіктер физиологиясы ғылыми мектебінің негізін салушы, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Солтүстік Каспий аймағы флорасын ірі зерттеуші В.В.Ивановтың өмірбаяны, еңбек жолы таныстырылды. Сонымен бірге, кеш қонағы профессор В.В.Ивановтан дәріс алған шәкірт, қазірде ардақты ұстаз «биология және экология» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Б.Булатова сөз алып, ғалым-энциклопедист жайында қызықты оқиғалармен бөлісті.

Басты мақсаты – студенттердің білім, ғылымға деген қызығушылықтарын оятып, білім ордасының оқытушы-профессорларын ұлықтау болған танымдық шарада студенттер, ғалым-ұстаздың еңбектерімен танысып, экспедициялар барысындағы фотосуреттерін, видеороликтерін тамашалады. Ары қарай, кафедраның аға оқытушысы Ж.С.Кажымуратова 1 курс студенттерін тарихи жәдігер гербарий қорына саяхат жасатып, шара соңында, кеш қонақтары қатысушы студенттерге алғыстарын білдірді.


Печать