2021 жылдың желтоқсан айы бойы М.Өтемісов атындағы БҚУ Жаратылыстану-география факультеті география кафедрасына ҚР БжҒМ тарапынан шақырылған Ресей Федерациясы Астрахань мемлекеттік университетінің ғалымы география ғылымының кандидаты, доцент И.В. Головачев кафедраның жас оқытушыларына, магистранттары мен студенттеріне біліктілік сағаттарын, дәрістер мен практикалық сабақтар жүргізіп, сонымен қатар, №5 оқу ғимаратында орналасқан «Геология» кабинетінде орналасқан минералдар топтасын жаңартумен қатар, түрлі геологиялық экспедициялар мен далалық сарамандар уақытында жиналған минералдарды анықтау жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында білім алушыларға анықтау жолдарын түсіндіріп, шеберлік сыныптарын жүргізді. 11 желтоқсан күні өңіріміздің геологиялық нысандары Теректі ауданында орналасқан Солянка өзені бойындағы мезазой заманының юра кезеңіндегі «Юра қара балшығы» және Төңкеріс ауылы маңындағы «Алебастр жарындағы» минералдарды зерттеу бағытында шолу жұмыстары жүргізіп, табылған минералдермен аталмыш кабинет жаңа жәдігерлермен толықты. Кафедра қызметкерлерінің мақсаты, 90 жылдық тарихи бар университет қабырғасында орналасқан «Геология» кабинетін мұражай ретінде ашып, ондағы минералдар топтамасын одан әрі көбейту жоспары тұр. Илья Владимирович ғылыми зерттеу бағыты спелеология және карсттану, Солтүстік Каспий маңындағы сульфатты карст пен үңгірлерді зерттеу мен спелеоресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру, минералогия, кристаллография, литология, петрография болып табылады. Іс сапар барысында Илья Владимирович студенттер мен магистранттарға дәрістер мен практикалық жұмыстар жүргізіп, жас оқытушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына пікір беріп, университет ғалымдарымен бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен ғылыми мақалалар жазу үстінде.
https://geofac.wku.edu.kz/index.php/novosti/16-kafedra-geografii/267-b-u-geologiya-kabinetini-mineraldar-toptamasy-zha-artyluda#sigFreeId44cb3bc398