Жұмысқа орналасу

Биология және экология кафедрасы

Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша ақпарат

2019-2020 оқу жылында «Биология және экология» кафедрасында күндізгі бөлімде педагогикалық «5В011300 Биология» – 120 және педагогикалық емес «5В060800 Экология» – 10 мамандықтары бойынша, барлығы – 130 түлек бітірген.

Педагогикалық мамандықтар

5В011300 - Биология мамандығы – Б-41 (қазақ бөлімі 20 студент), Б-43 (қазақ бөлімі 21 студент), Б-45 (қазақ бөлімі 23 студент), Б-47 (қазақ бөлімі 19 студент), Б-49 (қазақ бөлімі 22 студент), Б-37/у (жеделдетілген қазақ бөлімі 4 студент), Б-42 (орыс бөлімі 11 студент), барлығы күндізгі бөлімнің 120 студенті бітірді.

Жұмысқа орналасқаны – 53 студент, жұмысқа орналаспағаны – 68 студент. Магистратурада оқитын – 13 студент. Бала күтіміне байланысты - 9 студент. Оның ішінде жұмысқа орналасқаны – 43,3%, жұмысқа орналаспағаны - 40%. Магистратурада оқитын – 9,2%. Бала күтіміне байланысты – 7,5 %.

5В011300 – Биология мамандығы түлектерінің куәландыратын құжаттар бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіштері 61%-ды құрайды. Мемлекеттік тапсырыс негізінде 23 студент оқыған, олардың 5-уі – жұмысқа орналасқан, 10-ы магистратурада оқиды, 2-уі бала күтімінде, ал 6-ы жұмыссыз.

Педагогикалық емес мамандықтар

5В060800 – Экология мамандығы бойынша Эко-41 (қазақ бөлімі 5 студент) және Эко-42 (орыс бөлімі 5 студент) топтарының күндізгі бөлім студенттері, барлығы 10 студент бітірді. Жұмысқа орналасқаны – 1 студент, жұмысқа орналаспағаны – 7 студент. Магистратурада оқитын – 2 студент. Бала күтіміне байланысты – 0 студент. Оның ішінде жұмысқа орналасқаны – 10%, жұмысқа орналаспағаны – 70%. Магистратурада оқитын -20%. Бала күтіміне байланысты - 0 %.

5В060800 – Экология мамандығы бойынша куәландыратын құжаттар бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіштері 30%-ды құрады. Мемлекеттік тапсырыс негізінде 4 студент оқыған, олардың 2-уі –магистратурада оқиды, ал 2-і жұмыссыз.

Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші – индикаторлық көрсеткіш болып саналады. Педагогикалық мамандықтар үшін 60%-дан кем болмауы керек. Егер 3 жылдық көрсеткіштерді салыстырмалы қарасақ, мамандықтар бойынша оң динамика байқалады.

5В011300 – Биология мамандығы бойынша 3 жылды түлектердің мамандық бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші 44-88,4% аралығында, ал 5В060800 – Экология мамандығы бойынша 64-80% аралығғында ауытқыды.

 


Басып шығару