04.01.2024-05.04.2024 жылдар аралығында 6В05301 – «Химия» ББ күндізгі бөлімінің 3 курс студенттеріне («Хим-31», «Хим-33 к/б», «Хим-32 о/б»» топтары) кәсіби (өндірістік) практика өту жоспарлануда. Білім алушылардың саны 44, оның ішінде келісімшарт бойынша – 36 студент және сұраныс бойынша – 8 студент практикаға жіберілді.
Практика 6В05301 – «Химия» жоғары білім берудің негізгі білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады және студенттерді институттардың ғылыми-зерттеу зертханаларында химия саласындағы ғылыми зерттеулер тақырыбымен, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар мен химия зертханаларының технологиясымен таныстыруды мақсат етеді.
Практика базалары: университеттің арнайы аудиториялары, М.Өтемісов атындағы БҚУ, «Экология және биогеохимия сынақ зертханасы», «Жайықжылуқуат» АҚ, ЖШС «Батыс су арнасы», «Орал Зенит зауыты» АҚ, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Пойма май комбинаты», Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің БҚО бойынша «Казгидромет» ШЖҚ РМК филиалы және т. б.
Практика жетекшілері ретінде «Биология, химия ғылымдары және қоршаған орта» БББ аға оқытушылары А.Г. Абдрахманова, Р.Н. Кубашева, К.К. Мендалиева.
Тұрақтандыру конференциясында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар беріліп, баяндамаға материал жинау, практика күнделігін жүргізу туралы ақпарат беріліп, практика бағдарламасы ұсынылды

