Жаратылыстану-география факультеті география кафедрасы бойынша 2017 жылғы түлектерді жұмысқа орналасуы туралы ақпарат

2016-2017 оқу жылында Жаратылыстану-география факультеті география кафедрасы 5В011600-География, 5В060900-География мамандықтары бойынша 42 түлек оқу бітірді. Соның ішінде педагогикалық мамандық бойынша 27 түлек (24 қазақ тілінде, 3 орыс тілінде), жаратылыстану мамандығы бойынша 15 түлек (10 қазақ тілінде, 5 орыс тілінде).

5В011600-География педагогикалық мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандар саны 19 түлек, оның 2 түлек БҚМУ магистратурасында оқуын жалғастыруда және 1 түлек бала күтіміне байланысты жұмысқа орналаспады.

Жұмысқа орналасқандардың көпшілігі аудандық, ауылдық, қалалық жалпы орта білім беретін мектептерде география пәні бойынша мұғалім, педагог ұйымдастырушы қызметтерінде жұмыс жасауда. Оқуды тәмамдап, бірақ жұмысқа орналаспаған түлектер бойынша ақпаратта 3 түлек (Алдонгаров Е.Ж., Исаева Б.Т.Оңғарбаев Д.Б.) «Жастар практикасы» аясында жұмысқа орналасулары жоспарлануда, яғни құжаттарын тапсырған. 1 түлек Плыговка В.А. басқа елдің азаматы ретінде, оқудың аяқтасымен Ресей Федерациясына оралуына байланысты ақпарат бермеді. 4 түлек (Ещан Н., Жүсіп Ф., Оңғарбаев Е., Рахметова М.) тұрғылықты елді мекендерінде жұмыс болмаған соң, басқа елді мекендерден жұмыс қарастырмағандарын айтуда.

5В060900-География жаратылыстану мамандығы бойынша 15 оқуды бітіруші түлектердің 5 жұмыссыз болып отыр. Жұмысқа орналасқандардың қатарында 1 түлек БҚМУ магистратурасында оқуын жалғастырса, 1 түлек бала күтіміне байланысты жұмыссыз. Жұмысқа орналасқан түлектердің қатарында бұл мамандық бойынша ХҚКО маман, банк саласында менеджер, туризм орталықтарында педагог және ЖОББМ география пәнінің мұғалімі болып қызмет жасауда.

 

5В011600-География

5В060900-География

Бітірген түлек саны

Жұмысқа орналасқаны, %

Бітірген түлек саны

Жұмысқа орналасқаны, %

2015-2016 о.ж.

21

71,4

14

42,8

2016-2017 о.ж.

27

70,4

15

66,7

Өткен жылдармен салыстырып қарағанда, кафедраның 5В011600-География түлектерінің жұмысқа орналасуы төмен болғанымен, жылдың аяғына дейін түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші артады. Ал 5В060900-География мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандардың артқанын байқаймыз. Талдау нәтижесінде жыл сайын бітіретін түлектердің жылдың аяғына дейін жұмысқа көпшілігі орналасатыны байқалады.

Мамандығы

Жалпы саны

Жұмысқа орналасқандар

Магистратураға түскендер

Бала күтімінде отырғандар

Жұмыссыздар

әскери қызмет

 

2015-2016 о.ж

 

5В011600-География

21

15 (71,4%)

1

-

4

1

 

5В060900-География

14

6 (42,8%)

2

2

4

-

 

Барлығы

35

21 (60 %)

3

2

9

-

 

2016-2017 о.ж.

 

5В011600-География

27

19 (70,4%)

2

1

8

-

 

5В060900-География

15

10 (66,7%)

1

1

5

-

 

Барлығы

42

29 (69,1%)

3

2

13

-

2017-2018 о.ж. география кафедрасының 5В011600-География мамандығын бітіруші түлектердің жұмысқа орналаспау себебетері бойынша алдымен түлектердің басқа өңірлерде тұрғылықты мекен-жайларында болуларына байланысты облыстағы бос жұмыс орындарына келмеді. Жеке түлектерге тоқталсақ,

Алдонгаров Е.Ж. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласындағы басқармаға Мемлекеттік қызмет бойынша құжаттарын тапсырған.

Исаева Б.Т. Қызылорда облысы Қазалы ауданы бойынша «Жастар практикасы» бойынша құжаттарын тапсырған және діни ұстанымдарына байланысты жұмыссыз.

Оңдаған Д.Б. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында «Жастар практикасы» бойынша құжаттарын тапсырған.

Ещан Н. Маңғыстау облысында кафедрамен байланысқа шықпай отыр.

Жүсіп Ф. Қызылорда облысы тұрады, жақында тұмыс құрған және діни ұстанымдарына байланысты жұммыссыз.

Оңғарбаев Е. Атырау облысы, Құрманғазы ауданына қарасты ауылда отбасы жағдайына байланысты (ата-анасын қарауда) және ауылдық жерде жұмыс жоқ.

Рахметова М. Ақжайық ауданына жұмысқа орналастым деген хабар бергенімен, растайтын құжаты жоқ.

Плыговка В.А. Ресей Федерациясына кетуіне байланысты түлекпен байланыс жоқ.


Басып шығару