93-жыл тарихы бар М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің алғаш ашылған білім беру бағдарламаларының бірі болып табылады. Негізгі мақсаты жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және биологиялық білім мен ғылым саласында сұранысқа ие мамандар даярлауға бағытталған. Негізгі құндылығы ретінде - қазақстандық ғылым қайраткерлерінің қалдырған ғылыми-педагогикалық мұрасын атауға болады. Профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсіби шеберлігі тек Батыс Қазақстанда ғана емес, көршілес аймақтар мен тағы да басқа сұранысқа ие мамандар даярлауға мүмкіндік жасады. Батыс Қазақстан облысындағы биология, география, химия пәндері мұғалімдерінің басым көпшілігі – бұл біздің түлектеріміз. Түлектермен тығыз байланыс орната отырып, олардың қаншалықты сұранымға ие болып отырғаны, олардың іскери сапасының құзыреттілігі, өндіріске бейімделуі, кейіннен ғылыми бағытта және мансаптарының жоғарылауы туралы объективті ақпаратқа ие болып отыр.
Мамандарды дайындау күндізгі және күндізгі қысқартылған оқу бөлімдері бойынша жалпы орта білім, техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі және жоғары білім негізінде жүзеге асуда. Білім беру бағдарламалары түлектеріне ЖОО бітіргеннен кейін «Білім беру бағдарламалары бойынша білім бакалавры» және «Білім беру бағдарламалары бойынша білім магистрі» академиялық білім дәрежесі беріледі.
Екі жыл қатарынан В013 білім беру бағдарламалары тобы бойынша биология мұғалімдерін даярлау Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында XІV, XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: болашақ мамандарды одан әрі ғылыми қызметке тарту және елдің ғылыми әлеуетін кеңейту үшін олардың құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту деңгейін анықтау болды.
Мамандар дайындау төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі:
Бакалавриат:
- 6В01507 – Химия;
- 6В01508 – Химия-Биология;
- 6В01509 – Биология;
- 6В01510 – География;
- 6В01512 – География-Тарих;
- 6B01526 – Биология-География;
- 6В01532 – Биология-Психология;
- 6В01533 – Биология (IP);
- 6В01534 – Химия (IP);
- 6В01535 – Жаратылыстану (IP);
- 6В01519 – География (IP);
Оқу мерзімі: жалпы орта білім негізінде күндізгі бөлімде - 4 жыл, жалпы орта білім негізінде сырттай бөлімде - 5 жыл, техникалық, кәсіби және орта арнаулы білімнен кейінгі сырттай бөлімде - 3 жыл, жоғары кәсіптік білімнен кейінгі сырттай бөлімде - 2 жыл.
Магистратура:
- 7М01507 – Химия;
- 7M01509 – Биология;
- 7М01510 – География;
- 7М01512– Биология;
- 7М01537 – Биология (Ресей Федерациясының жалпы және кәсіптік білім беру жүйесіндегі Биология және экология).
Оқу мерзімі: 2 жыл – ғылыми-педагогикалық, 1,5 жыл және 1 жыл – бейіндік.
Жаратылыстану-география факультеті жанында зоологиялық мұражай мен кеппешөп қоры бар. Олар жаңа экспозициямен уақтылы толықтырылып отырады. 30000-нан астам беттен тұратын кеппешөптері бар В.В.Иванов атындағы кеппешөп қоры халықаралық «Index Herbarium» гербарий қорына тіркелген. Университет әкімшілігі оқу-әдістемелік зертханалардың жабдықталуына, ресімделуіне көп көңіл бөледі.
БББ негізгі және кәсіби пәндер циклі бойынша сабақ беретін штаттағы оқытушылар саны - 34, олардың 19-і ғылыми дәрежелі (56%).
Білім беру бағдарламаларын жетілдіру үшін оқу процесіне тәжірибелі практик-мамандар тартылады. Олар оқу орындарында педагогикалық тәжірибесі мол жоғарғы санатты мұғалімдер, биология, география және химиямен тікелей байланысты мекемелерде жұмыс жасайтын мамандар. Практик мамандар дипломдық жобаларға пікір білдіруші және қосымша жетекші, кәсіби сараман жетекшілері болып табылады, студенттерге дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізеді.
Мамандарды тарту мамандықтардың сұранысына және практикаға бағытталған оқу процесін жетілдіру қажеттілігіне, орындалатын курстық жұмыстарды өндірістік қажеттіліктермен байланыстыруға, т.б. негізделген. Мектептегі педагогикалық сараман кезінде сабақты тікелей өндіріс ортасында өткізу тәжірибеде қолданылады.
Университет сайтында (http://wku.edu.kz) әр оқытушыға қатысты мәліметтер: жеке, біліктілікті арттыру және семинар, конференция, конкурстарға қатысуы туралы мәліметтер, басылымдары, жарияланған жұмыстары, құрастырған электрондық оқулықтары туралы, ғылыми-ізденіс жобаларына қатысуы немесе жетекшілік етуі туралы мәліметтер мен сабақ беретін пәндері көрсетілген оқытушылар анкетасы орналастырылған.

