6B01509 Биология

1

БББ атауы

6В01509 Биология

2

Дайындық бағыты

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

3

Мақсаты

Биология ғылымдарының заманауи бағыттары мен биологияны оқыту әдістері саласында терең теориялық және практикалық білімі бар және ұйымдастырушылық жұмыс пен басқаруда машықтары бар мамандарды даярлау.

Білім алушылардың жеке мүдделері мен қабілеттерін ескере келе, заманауи педагогикалық технологиялар мен биология ғылымның жетістіктерін қолдана отырып, білім беру үдерісін жүзеге асыруға сай қабілетті бакалаврларды дайындау.

4

Құзыреттер

3.1 Негізгі құзыреттер

"Биология" білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижесінде келесі негізгі құзыреттер қалыптасады:

КК 1. Жалпы білім беру құзыреті:

1.1 Әлем мен ҚР-дағы ұлттық саясат пен әлеуметтік басымдықтарды, тарихи және қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси жағдайды біледі және түсінеді.

КК7. Педагогика және психология саласындағы құзыреттіліктер.

7.1 Оқыту, тәрбиелеу және дамыту теориясын, жаңартылған орта білім беру ерекшелігін, сондай-ақ білім берудегі менеджмент элементтерін біледі.

7.2 Анатомиялық, психикалық және психофизиологиялық дамудың әртүрлі жас кезеңдерінде жалпы, ерекше заңдылықтарды және жеке ерекшеліктерін есепке алу құралдарын қолдануға қабілетті.

7.3 Кәсіби қызметте баланың құқықтары мен ерекше қажеттіліктері бар құқықтар туралы негізгі халықаралық және отандық құжаттарды, инклюзивті білім берудің құндылықтары мен нанымдарын пайдалана алады.

7.4 Кәсіби қызметте критериалды бағалау әдістерін, биологиялық және педагогикалық білім беру саласындағы зерттеу нәтижелерін қолданады;

7.5 Оқытудың қиындықтарын жоюға және білім беру ортасына бейімделуге бағытталған жеке бағдарлы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру қабілеті.

КК 8. Теориялық биология саласындағы құзыреттіліктер.

8.1 Биологияның концептуалды және теориялық негіздерін, оның ғылым мен құндылықтардың жалпы жүйедегі орнын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі.

8.2 Органикалық әлемнің даму заңдылықтарын, тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздерін, өзгергіштікті және генетикалық талдау әдістерін біледі;

8.3 Негізгі биологиялық ұғымдарды, заңдар мен құбылыстарды, биологияның даму тарихын және қазіргі жағдайын біледі;

КК9. Экология және биоресурстар саласындағы құзыреттіліктер.

9.1 Тірі организмдердің морфологиясы, экологиясы, көбеюі және географиялық таралу ерекшеліктерін, олардың табиғаттағы және адамның шаруашылық қызметіндегі рөлін түсінеді.

9.2 Биологиялық әртүрлілікті сәйкестендіру және сипаттау, оны ақпаратты сандық өңдеудің қазіргі заманғы әдістерімен бағалау дағдыларын меңгерген және биосфераның тұрақтылығы үшін биоәртүрліліктің мәнін түсінеді;

КК 10. Биологияның қолданбалы мәселелері саласындағы құзыреттіліктер.

10.1 Топырақтың құрамын және оның климаттық жағдайларға тәуелділігін, топыраққа түрлі әсер ететін антропогендік факторларды және топыраққа теріс әсерлердің алдын алу жолдарын біледі;

КК 11. Биологияны оқыту әдістемесі саласындағы құзыреттіліктер.

11.1 Биологияны оқыту әдістемесін, оқытудың заманауи білім беру технологияларын және биологияның теориялық және эксперименттік негіздерін және биологияны оқыту технологияларын біледі.

11.2 Оқушылардың дағдыларын дамыту әдістерін, олардың тілдік құзыреттіліктерін зерттеуді дамыту.

1.3 Оқу-тәрбие процесін модельдеуді және оқыту практикасында жүзеге асыруға оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, нысандары мен құралдарын, оның ішінде online режимінде қолдануға қабілетті;

КК12. Теориялық білімді практикада қолдану қабілеті.

12.1 Педагогиканы, психологияны, биологияны, әлеуметтік-саяси кластерді зерттеудің ғылыми әдістері мен тәсілдерін практикада қолданады және зерттеу нәтижелерін нақтылайды.

12.2 Бақылау және эксперимент нәтижелерін теориялық талдау мен компьютерлік модельдеу әдістерін меңгерген;

КК 13. Кәсіби қызметке дайындық.

13.1 Мамандықтың жоғары әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, кәсіби этика қағидаларын сақтайды және кәсіби міндеттерді шешуде мамандардың пәнаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылына қатысуға қабілетті.

13.2 Білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен технологияларын, әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру процесінің сапасын диагностикалау мен бағалауды қолдана алады.

5

Оқыту тілі

қазақша

6

Берілетін академиялық дәреже

6B01509 "Биология"  білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

7

Оқыту нәтижелері

ОН1. Философия мен ғылымның қазіргі мәселелерін жүйелі түсінуді, объективті және шынайы ғылыми білімді алуға және меңгеруге мүмкіндік беретін әдіснамалық тәсілдерді меңгерудегі шеберлікті көрсетеді.

ОН 2. Ғылыми және өндірістік қызметте қолдану үшін әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық және педагогикалық пәндердің жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелейді.

ОН 3. Кәсіби қызмет және тұлғааралық қарым-қатынас саласында ақпарат алу үшін шет және мемлекеттік тілдерде академиялық ауызша және жазбаша коммуникацияның әртүрлі құралдарын қолданады.

ОН 4. Биологиялық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өндірістік және инновациялық қызметті басқаруға, ғылыми-зерттеу және кәсіби міндеттерді шешуге ғылыми көзқарас енгізеді.

ОН 5. Қазіргі заманғы аппаратураны және қолданбалы компьютерлік-ақпараттық бағдарламаларды пайдаланады.

ОН 6. Органикалық әлемнің эволюциясы мен заманауи биологияның дамуындағы басым бағыттарына әсер ететін жаратылыстану-ғылыми пәндер заңдылықтарын түсіндіреді.

ОН 7. Кәсіптік және ғылыми мәселелерді шешу үшін өсімдіктер мен жануарлар әлемінің филогенетикалық байланыстары мен эволюциялық жолдарын талдайды.

ОН 8. Тірі организмдердің биологиялық әртүрлілігін сақтау жөніндегі іс-шараларды негіздеу және биологиялық ресурстарды қолданудың рұқсат етілген мәндерін анықтау үшін ғылыми бағыттарды енгізеді.

ОН 9 Про- және эукариотты жасушалардың құрылымын, молекулалық ұйымдастырылуын, функциясы механизмдерін және генетикада қолданылатын әдіс-тәсілдерді сипаттайды.

ОН 10. Кәсіби іс-әрекетінде ерекше қажеттіліктері бар білім алушылардың құқықтары туралы негізгі халықаралық және отандық құжаттарды, бағалаудың критериалды әдістерін, педагогикалық білім беру және биология саласындағы зерттеу нәтижелерін қолданады.

ОН 11. Нақты биологиялық мәселелерді шешу үшін жүргізілген зерттеу және талдау жұмыстарын кейіннен диссертация, ғылыми жоба және мақала, аналитикалық есеп және т.б. түрінде жинақтап және кәсіби этика және академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып ғылыми зерттеулер жүргізеді.

ОН 12. Жоғары мектепте әр түрлі білім беру, соның ішінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, биологиялық пәндерді оқытуды жүзеге асырады.

 

8

Аккредиттеу

Мамыр 2019 жыл

9

Рейтинг

Атамекен рейтингісінде 7 орын


Басып шығару