6В01533 Биология (IP)

1

БББ атауы

6В01533 Биология (IP)

2

Дайындық бағыты

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

3

Мақсаты

Кәсіби қызметінде инновациялық технологияларды, оның ішінде STEM-, CLIL-, IT-технологияларын қолдана алатын, тұжырымдамалық және теориялық білім саласында,  ғылыми зерттеулер жүргізуде және ғылымда оларды қолдануда педагогикалық және пәндік құзыреттіліктерге ие білікті биология мұғалімін дайындау

4

Құзыреттер

3.1 Негізгі құзыреттер

"Биология" білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижесінде келесі негізгі құзыреттер қалыптасады:

КК 1. Жалпы білім беру құзыреті:

1.1 Әлем мен ҚР-дағы ұлттық саясат пен әлеуметтік басымдықтарды, тарихи және қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси жағдайды біледі және түсінеді.

КК7. Педагогика және психология саласындағы құзыреттіліктер.

7.1 Оқыту, тәрбиелеу және дамыту теориясын, жаңартылған орта білім беру ерекшелігін, сондай-ақ білім берудегі менеджмент элементтерін біледі.

7.2 Анатомиялық, психикалық және психофизиологиялық дамудың әртүрлі жас кезеңдерінде жалпы, ерекше заңдылықтарды және жеке ерекшеліктерін есепке алу құралдарын қолдануға қабілетті.

7.3 Кәсіби қызметте баланың құқықтары мен ерекше қажеттіліктері бар құқықтар туралы негізгі халықаралық және отандық құжаттарды, инклюзивті білім берудің құндылықтары мен нанымдарын пайдалана алады.

7.4 Кәсіби қызметте критериалды бағалау әдістерін, биологиялық және педагогикалық білім беру саласындағы зерттеу нәтижелерін қолданады;

7.5 Оқытудың қиындықтарын жоюға және білім беру ортасына бейімделуге бағытталған жеке бағдарлы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру қабілеті.

КК 8. Теориялық биология саласындағы құзыреттіліктер.

8.1 Биологияның концептуалды және теориялық негіздерін, оның ғылым мен құндылықтардың жалпы жүйедегі орнын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі.

8.2 Органикалық әлемнің даму заңдылықтарын, тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздерін, өзгергіштікті және генетикалық талдау әдістерін біледі;

8.3 Негізгі биологиялық ұғымдарды, заңдар мен құбылыстарды, биологияның даму тарихын және қазіргі жағдайын біледі;

КК9. Экология және биоресурстар саласындағы құзыреттіліктер.

9.1 Тірі организмдердің морфологиясы, экологиясы, көбеюі және географиялық таралу ерекшеліктерін, олардың табиғаттағы және адамның шаруашылық қызметіндегі рөлін түсінеді.

9.2 Биологиялық әртүрлілікті сәйкестендіру және сипаттау, оны ақпаратты сандық өңдеудің қазіргі заманғы әдістерімен бағалау дағдыларын меңгерген және биосфераның тұрақтылығы үшін биоәртүрліліктің мәнін түсінеді;

КК 10. Биологияның қолданбалы мәселелері саласындағы құзыреттіліктер.

10.1 Топырақтың құрамын және оның климаттық жағдайларға тәуелділігін, топыраққа түрлі әсер ететін антропогендік факторларды және топыраққа теріс әсерлердің алдын алу жолдарын біледі;

КК 11. Биологияны оқыту әдістемесі саласындағы құзыреттіліктер.

11.1 Биологияны оқыту әдістемесін, оқытудың заманауи білім беру технологияларын және биологияның теориялық және эксперименттік негіздерін және биологияны оқыту технологияларын біледі.

11.2 Оқушылардың дағдыларын дамыту әдістерін, олардың тілдік құзыреттіліктерін зерттеуді дамыту.

1.3 Оқу-тәрбие процесін модельдеуді және оқыту практикасында жүзеге асыруға оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, нысандары мен құралдарын, оның ішінде online режимінде қолдануға қабілетті;

КК12. Теориялық білімді практикада қолдану қабілеті.

12.1 Педагогиканы, психологияны, биологияны, әлеуметтік-саяси кластерді зерттеудің ғылыми әдістері мен тәсілдерін практикада қолданады және зерттеу нәтижелерін нақтылайды.

12.2 Бақылау және эксперимент нәтижелерін теориялық талдау мен компьютерлік модельдеу әдістерін меңгерген;

КК 13. Кәсіби қызметке дайындық.

13.1 Мамандықтың жоғары әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, кәсіби этика қағидаларын сақтайды және кәсіби міндеттерді шешуде мамандардың пәнаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылына қатысуға қабілетті.

13.2 Білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен технологияларын, әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру процесінің сапасын диагностикалау мен бағалауды қолдана алады.

5

Оқыту тілі

қазақша

6

Берілетін академиялық дәреже

6B01509 "Биология"  білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

7

Оқыту нәтижелері

ОН1. қазақстандық қоғамның әлеуметтік, іскерлік, мәдени-құқықтық және этикалық нормаларына сәйкес әрекет ете отырып, әлеуметтік-саяси, экономикалық және құқықтық білім негіздерін пайдалана отырып, тұлғалық және кәсіби бәсекеге қабілеттілікті көрсете отырып өзінің моральдық және азаматтық ұстанымын дамыту.

ОН 2. тілдік құзыреттіліктерді дамыту үшін аналитикалық және сыни ойлауды пайдалана отырып, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларды бағалау.

ОН 3. ғылыми-педагогикалық зерттеулер саласында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін, ақпаратты өңдеу мен синтездеудің заманауи әдістерін қолдану

ОН 4. қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуын, толыққанды әлеуметтік және кәсіби іс-әрекетті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағытталу

ОН 5. жеке тұлғаға бағытталғанған, құзыреттілікке негізделген, инклюзивті тәсілдер қағидаттарын ескере отырып, білім беру ортасының әртүрлі түрлерінде оқыту, тәрбиелеу, бағалау әдістерін әзірлеу және қолдану.

ОН 6. зертханалық және далалық зерттеулерді жоспарлау, жүргізу, деректерді жинау және өңдеу үшін әдістеме таңдау мен талдауды жүзеге асыру.

ОН 7. сындарлы педагогикалық және әлеуметтік қызмет, өзінің педагогикалық дамуы мен әл-ақуалы үшін кәсіби қарым-қатынастарды құру

ОН 8. күнделікті кәсіби іс-әрекетке және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қажетті сабақтас ғылымдар бойынша білімдерін интеграциялау

ОН 9 табиғаттағы заңдылықтарды, құбылыстар мен процестерді түсіндіру, дүниенің жаратылыстану-ғылыми бейнесі туралы тұтас көзқарасты қалыптастыру үшін жаратылыстану пәндерінің тұжырымдамалық теориялары мен заңдарын пайдалану.

ОН 10. биологияның іргелі негіздерін және оның дамуының қазіргі тенденцияларын, биологиялық жүйелердің әртүрлілігі мен қызметі, олардың көптүрлілігі мен эволюциясы туралы білімдерін пайдалану

ОН 11. тірі табиғаттың деңгейлік ұйымдасуын, адамның биологиялық табиғаты мен әлеуметтік мәнін талдау, ғылыми дүниетанымын, экологиялық және генетикалық сауаттылығын көрсету

ОН 12. стандартты емес мәселелердің шешімдерін жасау және ұсыну, академиялық жазылым дағдыларын, академиялық адалдық қағидаларын пайдалана отырып, биологиялық және педагогикалық зерттеулерді жүргізу және модельдеу

 

8

Аккредиттеу

 

9

Рейтинг

 


Басып шығару