6В01526 Биология-География

1

БББ атауы

6В01526 Биология-География

2

Дайындық бағыты

Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау

3

Мақсаты

Білім алушылардың жеке мүдделері мен қабілеттерін ескере келе, заманауи педагогикалық технологиялар мен биология және география ғылымдарының жетістіктерін қолдана отырып, білім беру үдерісін жүзеге асыруға сай қабілетті мамандарды дайындау.

Бітірушіге«Биология және география»білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Білім бакалаврлары педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес қызмет атқара алады (22.07.2022 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулар).

 

4

Құзыретттер

КК 1. Жалпы білім беру құзыреті:

1.1 Дүниетанымдық, әлеуметтік және жеке маңызды философиялық проблемаларды түсіну және талдау, Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын, оның азаматтық ұстанымды қалыптастыру және патриотизмді дамыту мақсатында қазіргі әлемдегі орны мен рөлін талдау, саяси, әлеуметтік және экономикалық процестерге бағдарлану қабілеттілігі;

1.2 Ой–өрісі кең және ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық пәндер саласындағы базалық білімге ие болу;

1.3 География саласындағы міндеттерді тұжырымдай және іс жүзінде шеше білу, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдану, орта арнаулы оқу орындарында сабақ беру, зерттеу және білім беру қызметін табысты жүзеге асыру; күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білім алу және магистратурада білім алуды жалғастыру дағдыларын меңгеру.

КК 7. Кәсіби құзыреттіліктер.

7.1 Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау қабілеті;

7.2 Әдістемелік жүйелер мен тәсілдерді білу, оларды іріктеу және кәсіби қызметте қолдану дағдыларын меңгеру.

7.3 Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша, оның ішінде критериалды бағалауды қолдана отырып, білім алушылардың білімін бағалаудың нысандары мен әдістерін анықтау және ұйымдастыру мүмкіндігі;

7.4 Инклюзивті оқыту әдістемесін пайдалана отырып сабақтар өткізу.

КК 8. Ғылыми-зерттеу құзыреттіліктер.

8.1 Физика-географиялық және экономикалық-географиялық зерттеулер жүргізу дағдыларына ие болу.

КК 9. Биология саласындағы құзыреттіліктер.

9.1 Биологияның тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, оның ғылымдар мен құндылықтардың жалпы жүйесіндегі орнын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын білу.

9.2 Биологиялық әртүрлілікті анықтау және сипаттау, оны ақпаратты сандық өңдеудің заманауи әдістерімен бағалау және биосфераның тұрақтылығы үшін биоәртүрліліктің маңыздылығын түсіну.

9.3 Органикалық әлемнің даму заңдылықтарын, тұқым қуалаушылықтың, өзгергіштіктің молекулалық негіздерін және генетикалық талдау әдістерін түсіндіру

КК 10. География саласындағы құзыреттіліктер.

10.1 Картографиялық, статистикалық, ғылыми, публицистикалық және басқа да ақпарат көздерімен жұмыс жасау.

10.2:Табиғатта және қоғамда болып жатқан процестер мен құбылыстар туралы түсінікке ие болу; табиғат пен қоғамды танудың қазіргі ғылыми әдістерінің мүмкіндіктерін түсіну, оларды физика-географиялық және экономикалық-географиялық мазмұны бар және кәсіби функцияларды орындау кезінде туындайтын міндеттерді шешу үшін қажетті деңгейде меңгеру.

КК 11.Коммуникативтік құзыреттілік.                                                                                                                      

11.1 Басқа адамдармен қажетті байланыс орнату және қолдау, түсіну, кездейсоқ сөйлесу және т. б.

11.2 Адамның адамға, қоғамға, қоршаған ортаға, ойлау мәдениетіне қатынасын реттейтін қоғамдық-гуманитарлық пәндер білімін, этикалық және құқықтық нормаларды меңгеру және өз жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыра білу, өз білімін жетілдіру.

11.3 Инклюзивті оқыту әдістемесін пайдалана отырып сабақтар өткізуге дайындық. Өз зерттеулерінің нәтижелерін ғылыми негізделген түрде көрсету үшін жазбаша коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру.

 

5

Оқыту тілі

қазақша

6

Берілетін академиялық дәреже

6B01526 "Биология-география" білім беру бағдарламасы бойынша

білім бакалавры

7

Оқыту нәтижелері

ОН1. Қазіргі қоғамның әлеуметтік-гуманитарлық даму заңдарын, тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіби қарым-қатынас дағдыларын мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде, өзін-өзі дамыту және өмір бойы өз бетімен білім ала алады.

ОН2. Заманауи ақпараттық технологияларды және ғылыми зерттеу әдістерін пайдалана отырып, ақпараттарды талдай алады.

ОН3. Экономикалық, құқықтық білім негіздерін, қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуын, төтенше жағдайлар кезінде қорғану және адам денсаулығын сақтау дағдыларын қолдана алады.

ОН4.Табиғат пен экономикадағы заңдылықтарды, құбылыстар мен процестерді түсіндіру үшін жаратылыстанудың тұжырымдамалық және теориялық негіздері туралы білімдерін пайдаланады.

ОН5. Органикалық әлемнің эволюциясына және молекулалық биологияның негізгі постулаттарына әсер ететін механизмдер мен процестерді түсіндіреді.

ОН6. Қоршаған орта компоненттерінің жай-күйін зерттеу, сәйкестендіру, сипаттау және бағалау үшін далалық және зертханалық эксперименттер мен бақылау жүргізеді.

ОН7. Географиялық қабықтың қызмет ету заңдылықтарын, оның бөліктерінің уақыт пен кеңістікте өзара әрекеттесуін бағалайды.

ОН8.Қазақстанның табиғи ерекшеліктерін, минералды-ресурстық, әлеуметтік-демографиялық, өндірістік-экономикалық әлеуетін талдайды.

ОН9. Табиғи, әлеуметтік-экономикалық және саяси аумақтық жүйелердің қалыптасу, даму және жұмыс істеу процестерін бағалайды.

ОН10. Педагогика және психология саласындағы мәселелерді шешу үшін инклюзивті білім беру негіздері бойынша білімді жинақтайды.

ОН11. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбие процесін, оның ішінде қашықтан оқытудың инновациялық бағыттарын қолдана отырып оқу-тәрбие үрдісін жобалау үшін педагогиканың теориялық және эксперименттік негіздері мен биология және географияны оқыту технологиясы бойынша білімдерін қолданады.

ОН12. Кәсіби қызметте туындайтын міндеттерді шешу үшін академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып, ғылыми әдістерді қолданады.

 

8

Аккредиттеу

Маусым 2022 жыл

9

Рейтинг

Атамекен рейтингісінде 7 орын


Басып шығару