Биология және экология кафедрасы
Кафедра биологиялық, экологиялық және әдістемелік пәндерді, сондай-ақ тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін оқытуды қамтамасыз етеді; оқу және өндірістік практикаларды өткізуді ұйымдастырады.
Кафедра бакалавр деңгейінде 6В01509 «Биология» дайындау бағыты «Педагогикалық ғылымдар» және 6В05201 «Экология» дайындау бағыты «Қоршаған орта» білім беру бағдарламалары бойынша; магистратура деңгейінде 7М01509 «Биология» дайындау бағыты «Педагогикалық ғылымдар», 7М05101 «Биология» дайындау бағыты «Биологиялық және аралас ғылымдар» және 7М05201 «Экология» дайындық бағыты «Қоршаған орта» білім беру бағдарламалары бойынша жетекші кафедра болып саналады.
Биология және экология кафедрасында оқу үрдісін жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы атқарады. Ғылыми дәрежесі мен атағы бар ПОҚ штатық үлесі - 53,6%. ПОҚ құрамында 2 профессор, ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты, 1 философия докторы (PhD) бар.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының арасында «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық конкурстарының жеңімпаздары – Серғалиев Н.Х. (2007) мен «Болашақ» стипендиясының иегерлері – Б.С. Әлжанова (2011-2012 жж.), А.У.Утаубаева А.У. (2016) бар.
Кафедра оқытушылары республикалық және халықаралық деңгейде үнемі біліктілікті арттырып отырады.