
Биология, география, химия мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламаларының жетекшісі –
Қожағалиева Рима Жамбылқызы, аға оқытушы, философия докторы (PhD);
Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:
сейсенбі 16:00-17: 00 (каб 34),
бейсенбі 15:00-16: 00 (каб. 34)
Мекен жайы: 090000 Орал қ., Н. Назарбаева 121, №5 оқу корпусы, каб. 34;
Телефон: 8 (7112) 50-35-49; ішкі.: 15
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Биология, география, химия мұғалімдерін даярлау БББ бойынша бакалавриат және магистратура деңгейіндегі 18 білім беру бағдарламасы бар. Барлық бағдарламалар ҚР МЖМБС сәйкес келеді және ҚР ХӘҰ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген.
Іске асырылатын білім беру бағдарламалары
Бакалавриат
6B01509-Биология
6B01526-Биология-География
6B01522-Биология-География
6В01532-Биология-Психология
6В01533-Биология(IP)
6В01535-Жаратылыстану
6В01507-Химия
6В01510-География
6В01519-География (IР)
6В01512-География-тарих
6В01534-Химия (IP)
6В01508-Химия-Биология
Магистратура
7М01509-Биология
7М01512-Биология
7М01507-Химия
7М01510-География
7М01537-Биология (Ресей Федерациясының жалпы және кәсіптік білім беру жүйесіндегі Биология және экология)
Профессор-оқытушылар құрамы
Білім беру бағдарламасының негізгі штаттық профессорлық-оқытушылық құрамын жоғары білікті мамандар ұсынады, олардың арасында биология ғылымдарының кандидаттары, PhD докторлары, магистрлер бар.
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарламасының мақсаты-сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін оқу, ғылыми және тәрбие қызметін жетілдіруге бағытталған мемлекеттік білім беру саясатын іске асыру.
Білім беру бағдарламасының міндеттері:
Білім алушылардың жеке білім беру траекториясын ескере отырып, құзыреттерді қалыптастыру;
Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми қызметінің белсенділігін арттыруды қамтамасыз ету, халықаралық байланыстарды кеңейту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту;
Білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін, жоғары мәдениетін және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру.
Білім беру бағдарламасының принциптері:
- білім беру қызметінің сапасын арттыру;
- кәсіби міндеттерді сапалы орындау үшін жауапкершілік, еңбектің адалдығы;
- үздіксіз білім беру және кәсіби құзыреттілікті дамыту.
Қызметтің негізгі бағыттары:
- оқу процесін жетілдіру және дамыту;
- ғылыми-зерттеу қызметін дамыту;
- кадрлық әлеуетті дамыту;
- материалдық-техникалық базаны нығайту;
Барлық бағдарламаларда БББ төлқұжаттары, оқу жұмыс жоспарлары, ЭПК, силлабустар енгізілген және білім беру бағдарламаларының ресми реестріне тіркелген.




