Жаратылыстану-география факультетінің аға оқытушылары А.Г. Абдрахманова мен З.Х. Кунашеваның жетекшілігімен 6В05301-Химия ББ 1 курс студенттері оқу сараманы бағдарламасы аясында "Батыс су арнасы" ЖШС экскурсия жасап, ауыз судың, биологиялық тоғандардан кейінгі ағынды сулардың көрсеткіштеріне талдау жүргізетін химия зертханаларымен, сондай-ақ ауыз суды дайындау технологиясымен танысқан болатын.