Зерттеу жұмыстары жүргізілді

03.06.2024 ж. күні б.ғ.д., профессор Т.Е.Дарбаева, а.ш.ғ.к., доцент Б.С.Альжанова және PhD А.Н. Сарсенова жетекшілігімен «Биология-география» БББ-ң 3-курс студенттері мен МБ-11, МБ-11-1 топтары магистранттарының қатысуымен далалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жоғары сатылы гүлді өсімдіктердің үлгілері жиналып, өсімдік қауымдастықтарына геоботаникалық сипаттама жасалды. Кәдімгі емен (Quercus robur L.), қайың (Betula pendula Roth, B. pubescens Ehrh.), орляк (Pleridium aquilinum (L.) Kuhn ex Decken), мамыр інжугүлі (Convallaria majalis L.), тау бедесі (Trifolium montanum L.), земляника (Fragaria vesca L.), биік андыз (Inula helenium L.), шалғындық әйкен (Lathyrus pratensis L.) және кәдімгі шәңкіш (Viburnum opulus L.) т.б. сияқты сирек түрлер тіркелді.


Басып шығару