Ғылыми тағылымдама

15.04.-27.04.2024 ж. аралығында өткен ғылыми тағылымдама университетіміздің  7М01509, 7М05101 және қос дипломды 7М01537 білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттарын қамтыды. Ғылыми тағылымдама Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеттерінде өтті. ««Биология» пәнін оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістері», «Биология саласындағы ғылыми зерттеу әдістемесі мен әдіснамасы», «Биологиялық зерттеулердегі зерттеу және жобалау қызметтерінің әдістері» тақырыптарындағы бағдарламаларды қамтыған.

Екі апта ішінде тағылымдамадан өтушілер университеттердегі жетекші ғалымдардың дәрістерін тыңдап, ғылыми мақала жазу дағдыларын жетілдірді және диссертация тақырыбы бойынша деректер мен әдебиеттерді толықтырып, университеттердің ішкі құрылымымен танысты. Тағылымдама магистранттарға ғылыми жұмыс атмосферасына еніп, биология саласындағы білімдерін кеңейтуге бірегей мүмкіндік берді. Жалпы, тағылымдама сәтті өтіп, биология білім беру бағдарламасының магистранттарының біліктілігін арттыруда маңызды кезеңі болды.


Басып шығару