4-5 сәуірде Назарбаев Университетінде Sustainability Living Lab (SLL) - 2024 бағдарламасының жыл сайынғы конференциясы өтті. Қазақстанның 12 жоғары оқу орны экология және орнықты даму бойынша жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобаларын ұсынды.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті осы бағдарлама бойынша «М. Өтемісов атындағы БҚУ агробиостанциясының аумағында сәндік бұталар питомнигін құру» жобасы бойынша атқарған жұмыстарымен таныстырды. Біздің университеттен жоба орындаушысы М. А. Орлова – 7М01509-Биология ББ 2 курс магистранты қатысты.
Іс-шараны Назарбаев Университетінің тұрақты даму Кеңсесі және «Шеврон Мұнайгаз Инк» компаниясының қолдауымен «National Conservation Initiative» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Конференция аясында жасыл жобалардың интерактивті көрмесі, шеберлік сыныптары мен экскурсиялар ұйымдастырылды.