2024 жылғы 29 наурызда «Жас ғалымдар кеңесі» аясында студенттер мен жас ғалымдарды «Sustainability Living Lab» бағдарламасымен және «М. Өтемісов атындағы БҚУ агробиостанциясының аумағында сәндік бұталар питомнигін құру» жобасын іске асыру үдерісімен таныстыру өтті.
Жобамен таныстыру барысында қатысушылар бұталардың ассортиментін таңдау, оларды өсіру үшін оңтайлы жағдай жасау және университет кампусын көгалдандыруда қолдану мәселелері бойынша өз көзқарастары мен идеяларымен алмасты.
«Sustainability Living Lab бағдарламасы жас зерттеушілерді табиғатты қорғау мен тұрақты дамудың жаңа жолдарын іздеуге мүмкіндік беріп, университеттердің нақты экологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.