Дуалды оқыту мақсатындағы тәжірбиелік сабақ

28.11.2023 ж. «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» пәні бойынша тәжірибеге бағытталған сабақтар шеңберінде 6В01508– «Химия және биология» ББ студенттеріне (ХБ-31, ХБ-31-1 тобы) «Уральская торгово-промышленная компания»  ЖШС пластмасса өңдеу цехына экскурсия өткізілді. Экскурсияның мақсаты: полимерлерді өңдеу өндірісінде студенттердің теориялық білімдерін бекіту. Полимерлер өңдеудің экструзия, қысыммен құю және т.б. әдістері қарастырылды.  Экскурсия барысында студенттер полиэтилен құбырларды алу, пленканы өндірудің экструзиялық әдісі арқылы алу, және полимер қалдықтарын өңдеу әдістерімен танысты.

 


Басып шығару