Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы 20 қыркүйек күні III жалпы республикалық кітап фестивалі аясында өтетін «KitapTime – 2024» атты мерекелік шарасын ұйымдастырды. Фестивальде Хамза кітапханасының сүйікті оқырмандары, оқушылар студенттер, қаламыздағы кітап клубтары мен клуб мүшелері, кітап дүкендері және қала жастары бас қосты.
Аталмыш шараға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті жаратылыстану-география факультетінің 6В05301-Химия білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қатысты. Барша жиналған оқырмандар кітап көрмесін тамашалап және «Зерек», «Kitapal» дүкендерінен кітап сатып алып, қаламыздағы «Рух team», «Жігер» мәдени-ағарту оқырман клубтарының жұмыс жасау мақсаттарымен танысты.
Фестивальде жастар өз өлеңдерін оқып, кітап туралы ойларын, тілектерін жеткізді. Кітап фестивалі - заман ағымы қаншалықты алға басса да кітап оқу дәстүрі артта қалмайтынын ескеріп, кітаптан нәр алу әрдайым рухани азық екенін жеткізу мақсатында өткізілді.