2025 жылғы 10-21 ақпан аралығында Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Быдгощ қаласының (Польша) Ұлы Каземир атындағы университетінің ғалымдары Кристиан Оболевский, Павел Напиорковский, Никола Мателла "Current issues and areas of interest in the natural sciences"тақырыбында биология, география және химия мұғалімдерін дайындау ББ оқытушыларына онлайн-курс өткізді. Курс барысында келесі тақырыптар қарастырылды:
1.Zooplankton introduction, life and importance in aquatic ecosystems: су айдындарының экожүйелеріндегі зоопланктонның рөлі және оның өмір сүру стратегиясы талқыланды.
2. Consequences of river regulation: адамның өзенге араласуының экологиялық және табиғи салдары қарастырылады.
3. Water quality assessment based on zooplankton: зоопланктон популяциясы су сапасының көрсеткіші ретінде қалай қызмет атқарады.
4. Ecosystem services. Overview of mapping and value assessment methods: экожүйе қызметтерінің құнын, сондай-ақ табиғи экожүйелердің адам әл-ауқатына қосқан үлесін картаға түсіру және бағалау әдістеріне шолу.
5. Ecohydrological biotechnology: су ресурстары мен экожүйелерді тұрақты басқаруға бағытталған экогидрологиямен біріктірілген биотехнология әдістеріне шолу.
6. Basic statistical analysis in the Life sciences: биологиялық және экологиялық зерттеулерде қолданылатын негізгі статистикалық әдістер енгізуіне шолу.
7. Basics of ecohydrology: экожүйелер мен су процестерінің өзара әрекеттесуін зерттейтін экогидрология, ғылым негіздері талқыланды.
8. Artificial intelligence in hydrobiology: су экожүйелерін түсіну мен басқаруда, әсіресе гидробиологияда жасанды интеллект қосымшалары қарастырылды.
Сабақ барысында ғалымдар өз тәжірибелерімен бөлісті және факультет оқытушыларына жаратылыстану ғылымдарындағы өзекті мәселелерді және зерттеудің жаңа әдістерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін өзекті материалдарды ұсынды.






