Ашық сабақ

2024 жылғы 27 наурызда «Жоғары оқу орнында жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша білім алушылар үшін заманауи білім беру технологияларын қолдану мен басым бағыттары» тақырыбында әдістемелік айлықтың бағдарламасына сәйкес а.ш.ғ.к., доцент Б.С.Альжанова «Экология» БББ 3 курс студенттеріне «Экологиялық мониторинг» пәнінен «Көктемгі-күзгі маусымда ауаның шаңмен ластануын анықтау» тақырыбында ашық зертханалық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты: студенттерді қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалаудың ең қолжетімді әдістерімен таныстыру, білім алушылардың шаңмен ластану туралы түсініктерін қалыптастыру, зертханалық талдау негізінде жапырақ тақталарында жинақталған шаң мөлшерін анықтау және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау.

Зертханалық жұмыс жапырақ тақталарында жинақталған шаң мөлшерін гравиметриялық әдісті қолдана отырып, ауаның шаңмен ластану мөлшерін анықтауға негізделген.

Сабақ жұмыс аймақтарын ауыстыру нысанында өткізілді: 1) теориялық; 2) І әдіс бойынша талдау жүргізу; 3) ІІ әдіс бойынша талдау жүргізу; 4) ІІІ әдіс бойынша талдау жүргізу; 5) талдау нәтижелерін камералдық өңдеу; 6) кеңес беру; 7) бақылау аймағы.

Студенттер "Spinner Wheel" қызметі арқылы үш топқа бөлінді. Әр топ жұмыс барысы туралы айтып, тиісті әдістеме бойынша зерттеулер жүргізіп, алынған нәтижелерді талдады.

Талдау нәтижелері бойынша сабақтың қорытындыланды, қоршаған ортаның шаңды ластануын төмендетудің негізгі бағыттары ұсынылды.


Басып шығару