BIR TOLQYNDA

22 ақпан 2024 жылы Жаратылыстану-география факультетінің диалог алаңында өзекті мәселесі, оның экологиясы тақырыбында «Энергетикалық қауіпсіздік және Қазақстандағы су тапшылығы мәселесі» бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. БҰҰ мәліметтері бойынша, 2030 жылға қарай Қазақстан су тапшылығына тап болуы мүмкін. Мемлекет басшысының пайымдауынша, еліміз 2050 жылға қарай тіпті «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін. Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауыз суға зәру. Сонымен қатар, ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатқанын, су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұрғанын және аталған олқылықтың орнын толтыру үшін шұғыл шаралар қажет екенін айтты. Біздің өңіріміз үшін басты су көзі Жайық өзенінің экологиялық мәселесі студент жастарымызды алаңдатуы, оның жағалауындағы тазалық, көптеген өндірістік нысандардың пайда болуы және келешекте жоғары деңгейде қорғау шараларын ұсыну.


Басып шығару