2021 жылдың 24 желтоқсан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Жаратылыстану-география факультетінде «Ерекше қорғауға алынған территорияларды дамыту перспективасы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиында сөз алған ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор, г.ғ.к., профессор Қ.М. Ахмеденов бастап, дөңгелек үстел жұмысына сәттілік тіледі. Шараға ҚР БжҒМ тарапынан шақырылған Ресей Федерациясы Астрахань мемлекеттік университетінің ғалымы география ғылымының кандидаты, доцент И.В. Головачев, «Атамекен» қалалық балалар және жасөспірімдер туризмі орталығының директоры А.Ш.Құрымбаев және факультет ғалымдары г.ғ.к., доцент С.К.Рамазанов, а/ш.ғ.к., доцент Б.С.Альжанова, факультет деканы А.А.Тургумбаев, биология және экология кафедра меңгерушісі Р.Ж.Қожағалиева және студенттер мен магистранттар қатынасты. Доцент И.В. Головачев Индер көлі маңындағы карст ландшафтасын сақтау жөнінде және карст өңгірлерінің ерекшелігі бойынша баяндама жасаса, университет ғалымдары Батыс Қазақстан облысы аумағындағы ерекше қорғауға алынған аймақтарды жіктеп, олардың маңыздылығына, сонымен қатар экологиялық маршруттар бойынша жасалған жұмыстарына тоқталды. Шара қорытындысы бойынша қатынасушылар келешекте аталған нысандарды сақтап қалу мақсатында Индер көлі аумағында, Бөкей орда резеруаты бойынша ойларын білдіріп, біріккен ғылыми экспедициялар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қатастыратындарына тоқталды. Бүгінгі уақытта Ресейлік ғалым мен Университет ғалымдары біріккен ғылыми-зерттеу жұмысын әзірлеу үстінде.