PhD Сарсенова Әсемгүл Нұрсайынқызы - беделді «Болашақ» шәкіртақысының иегері

Республикалық комиссияның шешімімен қазақстандық ғалымдарға экономиканың маңызды бағыттары бойынша әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтетін грант иегерлері анықталды.

Солардың қатарында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Сарсенова Әсемгүл Нұрсайынқызы халықаралық «Болашақ» бағдарламасының беделді шәкіртақысына ие болды.

Тағылымдама аясында АҚШ-тың ең беделді жоғары оқу орындарының бірі — University of California, Davis университетінде ғылыми зерттеулер жүргізеді. Бұл университет Америкадағы ең үздік 30 оқу орнының қатарындағы әлемдік ғылыми қауымдастықтың флагмандарының бірі болып саналады. Зерттеу жұмыстары UC Davis университетінің College of Biological Sciences факультетінде өтеді. Бұл факультет АҚШ-тағы биологиялық ғылымдарға толықтай арналған санаулы дербес құрылымдардың бірі. Ол биология, экология, тұрақты табиғат пайдалану және биоалуантүрлілікті сақтау салаларындағы әлемдік көшбасшы ретінде мойындалған, заманауи зертханалар, бірегей далалық станциялар, геном және жаңашыл ғылыми-зерттеу орталықтарымен жабдықталған.

Халықаралық рейтингтегі беделді жоғары оқу орындарының 5%-на  және АҚШ-тың отыз үздік университеттерінің қатарына кіретін Дэвистегі Калифорния университетінде тағылымдамадан өту - бұл академиялық мансаптағы алға жасалған қадам ғана емес, сонымен қатар әлемнің жетекші ғалымдарымен коллаборацияның бірегей мүмкіндігі.

 


Басып шығару