Химия кафедрасы

Химия кафедрасының меңгерушісі, к.х.н., доцент Кунашева З.Х.

Адрес: Н.Назарбаева 121 каб 23

Телефон: 8(7112)503549

Факс: 8(7112)514266

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Білім беру бағдарламасының миссиясы жоғары білім беру саласында жоғары сапалы білім беру қызметін ұсынуға, Болон процесінің принциптерін және қазіргі заманғы сапа стандарттарын іске асыру арқылы бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша кадрларды даярлау бойынша ұлттық кеңістіктегі көшбасшылыққа қол жеткізуден тұрады.

Білім беру бағдарламасының міндеті-тез өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тез бейімделуге қабілетті, шет тілін меңгерген, біліктілігі жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

Кафедра тарихы

Химия кафедрасы 1938 жылы ашылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі қызметін М.И.Козловская 1954 жылға дейін атқарды. Бұл жылдары ұжымның негізі, ғылыми көзқарастары қалыптасты. Кафедраға Позднышева А.Ф., Гаврикова А.Е., Родина М.В., Королева В.А., Жгилева Ю.А., Нурмагамбетов К.О. жұмыс істеуге келді. Кафедра тарихына белгілі із қалдырған педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент – М.В.Родина. Ол бейорганикалық, аналитикалық, физикалық және коллоидты химиядан, химияны оқыту әдістемесінен сабақтар жүргізіп, үлкен ғылыми-әдістемелік жұмыстармен айналысты. 1960 жылдары М.В.Родинамен бірге қызмет атқарған жетекші химиктер - Маликова Т.А., Карташова В.Ф., Борисова З.А., Бекова З.Н. Көп жылдар бойы химия кафедрасының аға зертханашысы қызметін Н.Н.Баннова атқарды.

Химия кафедрасы 1962-1966 жылдар аралығында меңгерушісі В.В.Иванов болған ботаника кафедрасымен бірікті. 1966 жылы «Биология және химия» мамандығының ашылуымен химия кафедрасы қайта жеке кафедра болып ұйымдастырылып, кафедра меңгерушісі қызметін химия ғылымының кандидаты Г.А.Потлова атқарды. Г.А.Потлова – жоғары дәрежедегі маман, талапшыл ұстаз, ол ғылыми кадрларға назар аудара отырып, химияны оқытуды жаңа деңгейге көтерді. «Катализ» тақырыбында ғылыми мәселелер бойынша барлық оқытушылар мен машықкерлер жұмыс жасады. Кафедраның негізін тәжірибелі оқытушылар Карташова В.Ф., Бекова З.Н., Борисова З.А., Маликова Т.А., Анброх Р.В., У.Х.Хабиев құрады.

1971 жылы «Химия және Биология» мамандығы ашылды. Бұл жылдары құрамы доцент Бейсембаева Л.Г., Карташова В.Ф., Бекова З.Н., Орлова Р.И., Хабиев У.Х., Строкова З.П. тұратын кафедраның тұрақты негізі құралды. Череватова Н.К., Бочкова А.П., Казимова Г.И., Джумакаева Б.С. аспирантураны аяқтап, диссертация қорғады. 1980 жылдан 1985 жыл аралығында кафедра меңгерушісі қызметін химия ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Г.Бейсембаева атқарды. 1986-1990 жылдар аралығында кафедраны меңгеруді Е.Б.Байшиганов атқарды. Осы жылдары кафедраның материалдық базасы нығайтылып, шаруашылық келісімшарт бойынша жұмыстар жүргізілді.

1990-1996 жылдары кафедра жетекшілігін химия ғылымдарының кандидаты, доцент З.П.Строкова, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Б.С.Джумакаева., биология ғылымдарының кандидаты, доцент А.П.Бочкова атқарды. Осы жылдар ішінде кафедра өзінің негізін жоймай, әрдайым жаңа оқытушылармен толықтырылды.

1996-2007 жылдары кафедраны химия ғылымының кандидаты, БҚМУ профессоры Н.К.Череватова басқарды. Н.К.Череватова органикалық химия саласында маманданған жоғары деңгейдегі кәсіби ғалым. Оның 60 - тан астам ғылыми еңбектері жарық көрді. 11 жыл бойы химия кафедрасына жетекшілік еткенде, ол өзінің талапқойғыш қасиетімен ерекшеленіп, әріптестерінің құрметіне бөленді.

2003 жылы бакалавриат бойынша оқыту жүйесін енгізумен білімділік бағыттағы «Химия» - 5В011200 мамандығы ашылып (№0026241 /07.10.2005ж/ мемлекеттік лицензияға №0008382 /07.10.2005ж/ қосымша), 2006 жылы «Жаратылыстану» бөлімінің аумағында салынған жаңа химиялық зертхананың іске қосылуымен ғылыми бағыттағы «Химия»-5В060600 мамандығы (№0008672/29.06.2006ж қосымша/ ашылды.

2009 ж. бастап химия кафедрасын х.ғ.д., профессор Д.К.Мендалиева атқара бастады. Сонымен қатар «5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы /Химическая технология органических веществ» және «5В072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы/Химическая технология неорганических веществ» мамандықтары ашылды.

Химия кафедрасының жанында 6М011200 "Химия" мамандығы бойынша магистратура ашылды, түлектерге білім магистрі дәрежесі беріледі.

2016-2018 жылдар аралығы кафедра меңгерушісінің қызметін х.ғ.к., доцент Сдикова Г.Ж. атқарды.

Қазіргі таңда химия меңгерушісінің міндетін оқытушы, магистр Нурмукашева А.Д. атқарады.

6В053 Химия

Түлектерге «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

"Химия" білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры нарық және мемлекеттің мамандарға деген қажеттілігін ескере отырып, келесі қызметтерде жұмыс істей алады:

- химик;

- инженер-химик;

- химия оқытушысы;

- маман.

"Химия" білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

- химия салалары;

- металлургия;

- мұнай-химия;

- фармацевтикалық өнеркәсіп;

- білім беру саласы;

- ғылым және экология мамандары болады.

"Химия" білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің объектілері:

- талдау, кеден, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификаттау қызметтерінің өндірістік зертханалары;

- химиялық, экологиялық, металлургиялық, фармацевтикалық бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдары (институт, зертханалар) ;

- орта жалпы білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер, гимназиялар, білім бөлімдері болып табылады.

Бейіндік пәндері – химия+биология

6В015 «Химия»

6В015 "Химия" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврлары келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

- білім беру;

- эксперименттік-зерттеу;

- ұйымдастырушылық-басқарушылық;

- әлеуметтік-педагогикалық;

- оқу-тәрбие;

- оқу-технологиялық.

Химия білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің функциялары:

- педагогикалық;

- тәрбие;

- зерттеу;

- ұйымдастыру-технологиялық болып табылады.

"Химия" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің объектілері:

- орта негізгі және бейіндік мектеп, мамандандырылған мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары болып табылады.

Бейіндік пәндері – химия + биология

6В015 Химия-Биология

6В015 " Химия-Биология" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврлары келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

- білім беру;

- эксперименттік-зерттеу;

- ұйымдастырушылық-басқарушылық;

- әлеуметтік-педагогикалық;

- оқу-тәрбие;

- оқу-технологиялық.

Химия білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің функциялары:

- педагогикалық;

- тәрбие;

- зерттеу;

- ұйымдастыру-технологиялық болып табылады.

"Химия-Биология" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің объектілері:

- орта негізгі және бейіндік мектеп, мамандандырылған мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары болып табылады.

Бейіндік пәндері – химия + биология

6В071 Химиялық технология

"Химиялық технология" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры, нарық пен мемлекеттің мамандарға деген қажеттілігін ескере отырып, келесі қызметтерде жұмыс істей алады:

- технолог;

- Техник-технолог;

- химик-технолог;

- бас-технолог;

- маман;

- орта кәсіптік оқу орындарының оқытушысы.

- техник - технолог;

- инженер;

- инженер-технолог;

"Химиялық технология" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры:

- мұнай өңдеу,

- мұнай химиясы,

- полимерлерді қайта өңдеу,

- геология,

- гидрогеология,

- тау-кен өнеркәсібі,

- ғылым және білім.

- минералды шикізатты мақсатты өнімдерге химиялық өңдеу процесін басқару;

- технологиялық процестің сараптамасын жүзеге асыру;

- бастапқы материалдар мен мақсатты өнімдердің құрамын, құрылымын және қасиеттерін талдау;

- химиялық реакторлармен, аппараттармен жұмыс істеу.

"Химиялық технология" білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің объектілері: органикалық заттарды өндіру, мұнай, газ, көмір және полимерлерді қайта өңдеу, эластомерлер, лак-бояу материалдары, оқ-дәрі, қатты және сұйық зымыран отындарын өңдеу, көмірсутек шикізатын дайындау, өндіру және тасымалдау және оларды ұтымды пайдалану бойынша кәсіпорындар; ғылыми-зерттеу және жобалау салалық институттар; орта техникалық оқу орындары; қорғаныс кәсіпорындары, өнеркәсіптің тау-кен өндіру салалары. горнообогатительные комбинаттары; минералдық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындар; бейорганикалық қышқылдар, негіздер, тұздар және минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі кәсіпорындар; металлургия өнеркәсібінің комбинаттары; құрылыс, керамикалық композициялық материалдар өндіру жөніндегі зауыттар; Электрохимиялық өндірістер, плазмохимиялық процестер кәсіпорындары; нанотехнология бойынша жұмыс істейтін зауыттар; зауыттық, цехтық және ғылыми-зерттеу зертханалары.

Бейіндік пәндері – химия+физика

Химия кафедрасының оқытушылары келесі тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді:

1.d-элементтердегі (титан, молибден, вольфрам) электрохимиялық реакцияларын зерттеу, олардың негізінде индикаторлық электродтарды жасақтау және оларды экологиялық-аналитикалық бақылауда қолдану (Ғылыми жетекші х.ғ.д., профессор Мендалиева Д.К. )

2.Жоғары және орта мектеп педагогикасы (Ғылыми жетекші х.ғ.д., профессор Мендалиева Д.К. )

3.Батыс Қазақстан облысының кен орындарында мұнай шламын өңдеу мен әрі қарай қолданудың оптималды варианттарының химия-технологиялық негiздерiн жасақтау (Ғылыми жетекші х.ғ.д., профессор Мендалиева Д.К. )

4.Солтүстік Каспий аймағының табиғи ресурстары (Ғылыми жетекші х.ғ.к., доцент Череватова Н.К)

5.Фосфор бейорганикалық қосылыстардың синтезі (Ғылыми жетекші х.ғ.к., доцент Ниязбекова А.Б.). Кафедраның ғылыми потенциалы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сай жаңа металдар мен олардың модификацияларынан жасақталған индикаторлық электродтарды жасақтап, алдымен олардың электроаналитикалық сипаттамаларын (электродтық функция, жұмысшы интервал, дабыл беру уақыты және т.б.) анықтау қажет. Ол үшін электродтарды әртүрлі электролиттер мен комплекс түзушілердің ерітінділерінде зерттелді. Оның нәтижелері металл мен ерітінділер арасындағы электрохимиялық процестерді түсіндіру үшін қолданылды. Жасақталған жаңа электрод түрлерін модельдік ерітінділердегі катиондар мен аниондардың потенциометрлік талдауы үшін және нақты табиғи объектілер құрамындағы солиондардың түрлерін анықтау үшін пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар жарияланды. Келесі бағыттағы ғылыми жұмыстар оқытушылардың (Костарев А.С., Череватова Н.К., Ниязбекова А.Б.) табиғи объектілер мен жүйедегі өсімдіктердің аминқышқылдық, топырақ пен өсімдіктердің элементарлық құрамының экологиялық тепе – теңдігін, бейорганикалық фосфор (комплекс түзуші) қосылыстарының синтетикалық процестерін, Батыс Қазақстан облысының азық – түлік тағамдарының анализін, Кушум тұқымы жылқысының қан сарысуының аминқышқылдық құрамын зерттеу жұмыстарына бағытталды. Жоғары және орта мектеп педагогикасы бағытындағы зерттеу жұмыстары кафедра меңгерушісі профессор Д.К. Мендалиеваның жетекшілігімен кафедра оқытушылары Орлова Р.И., Есеева Г.Б., Амангосова М.Г., магистрант Ж.Ш. Султанованың қатысуымен әртүрлі тақырыптар бойынша жүргізіледі. Негізгі міндет химиядан оқушылардың ғылыми дүниетанымын жетілдіру, экологиялық тәрбие беру мақсатында инновациялық технологияны енгізу. Сабақта ҚР баспаларынан шыққан электрондық оқулықтарды және өз тәжірибелері негізінде шығарған оқулықтарын қолданады. (Костарев А.С., Череватова Н.К., Орлова Р.И., Ниязбекова А.Б.).

Химия ғылымының өзекті мәселелері мен ЖОО, орта мектептерде химияны оқытудың әдістерін қарастыру мақсатында кафедрада ғылыми әдістемелік семинар жұмыс істейді. Жоғарыда аталған кафедра оқытушылары облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау институтында сабақтар өткізу барысында қала және облыс мектептерінің оқытушыларымен БҚМУ-нің мамандықтарына мектеп оқушыларын шақыру, ЖОО-ның оқытушылары жетекшілігімен ғылыми жобаларды орындау жұмыстарын өткізді.

Кафедра оқытушылары өз біліктіліктерін жетілдіру бағытында жұмыстануда. Кафедра оқытушылары ғылыми жұмыс нәтижелерін аймақтық, республикалық және халықаралық конференцияларда жүйелі баяндап тұрады. Ресей және Қазақстан мамандарының іс-тәжірибелерімен алмасты.

Кафедрадағы атқарылатын зерттеу жұмыстарының бағыттары бойынша проблемалық эксперименталдық және ғылыми әдістемелік семинарлар жүргізіледі.

 


Басып шығару