Әлеуметтік өмір

Биология және экология кафедрасы

Білім алушылар үшін шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасалған – білім алушылар жеке білім беру траекториясын қалыптастыруға; шет тілінде оқуға; БҚМУ үздіксіз білім беру орталығында қосымша біліктілік алуға; ғылыми-зерттеу жұмыстарына, студенттік конференцияларға, ғылыми қоғамдастықтарға қатысуға, ғылыми-зерттеу ұжымдарының және т.б. мүшелері болуға мүмкіндіктері бар. Студенттер әлеуметтік жұмыста, спортпен айналысуға және т.б. мүмкіндіктері бар. Жоғарыда айтылғандай, ерекше қабілет танытатын білім алушылар ғылыми-зерттеу қызметіне тартылады, халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда, форумдарда баяндамалар жасайды.

Білім алушылардың сабақтан тыс кездегі өзін-өзі дамытуға деген қабілеті нәтижесін олардың келесідей жетістіктерінен көруге болады:

– Р.Анатолий – «Men jastarga cenemin!», «Ерекше бейінді жауынгер» және «ҚБ Кеңесінің шешімімен «Ерекше бейінді жауынгер» медалымен марапатталған.

– Ж.С.Агарбай – «Жас дарын-2018» фестивалінде халық билері бойынша номинацияның иегері;

– С.К. Ақтанова – «Үздік студент – 2018» атағының иегері;

– А.О Конысбаев. – «Жасыл Ел» бағдарламасының қатысушысы, студенттік құрылыс командалары, «Үздік командир-2017» атағының иегері, ғылыми, спорттық шараларға қатысушы.

– Амандықова Г. «Біз + БІЗ» Ресей-Қазақстандық жастар форумының мүшесі, «CeлiAс 2017» және «Мисс-Уральск» халықаралық жастар білім беру форумының қатысушысы.


Басып шығару