Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді,
Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді,
Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді.
Бүгін 26.10.2021 ж. БҚУ Жаратылыстану-география факультетінің 2021 жылғы бітірген түлектері өздері білім, тәрбие алған білім ордасының ауласына «Түлектер аллеясын» жаңа туя қылқан жапырақты ағаштармен толықтырды. Туя – өмір ағашы. Туя Солтүстік Америкада пайда болып, миоцендегі Беринг Ландбриджі арқылы Азияға қоныс аударды. Табылған қазба материалдары Туяның қазіргі Бор дәуірінің және Үшінші кезеңнің басында кеңінен таралғанын көрсетеді. Ағаштарды отырғызуға Биология және экология кафедрасының «Ботаника» ғылыми үйірмесінің студенттері мен факультет оқытушылары қатынасты.