• 8 (7112) 50-35-49
  • ahan.turgumbayev@wku.edu.kz
  • Қазақша
  • Русский
  • English

Жаратылыстану-география факультеті

  • Факультет
    • Факультет туралы
    • Академиялық ұтқырлық
    • Академиялық күнтізбе
    • Студенттік өмір
    • Конференциялар
    • Білім беру бағдарламалары
      • Биология, химия ғылымдары және қоршаған орта білім беру бағдарламалары
      • Биология, география, химия мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламалары
    • Ғылыми қызметі
    • Халықаралық ынтымақтастық
  • Жаңалықтарnews
  • Бейнедәрістер

Жаратылыстану-география факультеті

Факультет басшылығы

Тургумбаев Ахан Асқарұлы
Декан: экономика ғылымдарының магистрі
Киишева Динара Жайдармановна
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасар
Удреева Камшат Салахаддиновна
Тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары: аға оқытушы, магистр

 

 Факультет деканы: Тургумбаев Ахан Асқарұлы

Оқу-әдістемелік жұмыс  жөніндегі декан орынбасары: Киишева Динара Жайдармановна

Тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары: Удреева Камшат Салахаддинова

Факультет хатшысы: Шишкова Асия Амировна

Факультеттің мекен-жайы: Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 121, 3 бөлме

Телефон: 8(7112)50-35-49

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Instagram: bqu_zharatylystanu_geographya

Facebook: Жаратылыстану география Факультеті

Миссиясы: қоғам мен мемлекеттің сұранысына сәйкес әрекет ете алатын мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру, жаратылыстану ғылымдары бойынша қалыптасқан интеллектуалдық, ақпараттық және материалдық ресурстарды пайдалану. 

Мақсаты: студенттерге жоғары сапалы кәсіби білім беру, тәрбиелеу және тұлғалық дамуын жүзеге асыру. 

Негізгі қызмет бағыттары:

- жаратылыстану-география мамандықтары бойынша құзыретті-бағдарлы бакалаврлар мен магистрлар даярлау,

- оқыту үдерісінде инновациялық ғылыми-педагогикалық әдістерді пайдалану;

- студенттер мен магистранттарды ғылыми ізденіс жұмыстарына белсенді қатыстыру;

- кәсіби бағдар жұмысының аясында кафедра филиалдарының қызметін ұйымдастыру және жетілдіру;

- экология және сапа менеджменті саласының саясатын жүзеге асыру.

Жаратылыстану-география  факультетінде:

Биология, география, химия мұғалімдерін даярлау бойынша білім беру бағдарламалары жетекшісі философия докторы (PhD), аға оқытушы Р.Ж. Кожагалиева;

Биология, химия ғылымдары және қоршаған орта білім беру бағдарламалары жетекшісі философия докторы (PhD), аға оқытушы С.С. Бакиев;

Жаратылыстану-география факультетінің тарихы.

1932 жылы М.Н. Покровский атындағы екінші қазақ педагогикалық институтының «Биология» бөлімі болып құрылады.

1935 жылы факультет жанынан мұғалімдер институтының жаратылыстану-география бөлімі ашылады.1938 жылы биология факультеті «Жаратылыстану факультеті» болып өзгертілді, факультеттің деканы болып б.ғ.к. М.И. Аунапу тағайындалды. Химия  кафедрасы құрылып, кафедра меңгерушісі М.И. Козловская және ботаника кафедрасы – кафедра меңгерушісі қызметін В.В. Иванов атқарды. Профессор В.В. Ивановтың жетекшілігімен ботаникалық алаң жасақталды.

1939 жылы жаратылыстану кафедрасы үшке бөлінеді: ботаника (кафедра меңгерушісі В.В. Иванов), зоология (кафедра меңгерушісі А.Р. Штамм), адам және жануарлар физиологиясы (кафедра меңгерушісі М.И. Чушкин).

1941 жылы Ұлы Отан соғысына факультет деканы М.И. Аунапу, қызметкерлері мен оқытушылары А.А. Джадралиев, В.Н. Кочанов, В.В.Иванов, Г.Е. Москалев және тағы басқалары майданға аттанды. Факультет кафедралары жаратылыстану ғылымдары кафедрасына біріктіріліп, оны доцент Е.М. Фомина, кейін 1943 жылы майданнан қайтқан В.В. Иванов басқарды.

1946 жыл қайтадан үш жетекші кафедра жабдықталды: зоология, химия және ботаника. Факультет жаңа кадрлармен (зоология кафедрасы ғылым кандидаты К.Е. Некрашевич, И.В. Смирнова, профессор С.Д. Сидоряк, химия кафедрасы М.В. Родина, К.Д. Нұрмағамбетов) толықты.

География кафедрасы екіге бөлінді: география (кафедра меңгерушісі Г.Е. Москалев) және геология (кафедра меңгерушісі М.Е. Ревнивых).

1951 жыл екі факультет жаратылыстану-география факультетіне қосылды. 1951-1968 ж.ж. аралығында зоология кафедрасын б.ғ.к., доцент А.А. Цыганков басқарады. 1954 жылы күндізгі және сырттай оқитын мұғалімдерді даярлау 2 бағытта жүргізілді: биология-химия және биология-география. 1955 жылы география кафедралары бір кафедраға бірігіп, оны профессор М.В. Фремд басқарды, ал 1961–1968 жылдар аралығында доцент Г.Е. Москалев жетекшілік етеді.

1957 жылы оқу жоспарының және химия кафедрасының оқу пәндерінің санының өзгеруіне байланысты химия кафедрасы ботаника кафедрасымен бірігіп, «Ботаника және химия» кафедрасы деп аталды, жетекшісі болып профессор В.В. Иванов тағайындалды.

1961 жылы кадрлардың ғылыми деңгейін жоспарлы түрде даярлау үшін «Ботаника» мамандығы бойынша (ғылыми жетекшісі б.ғд., профессор В.В. Иванов) аспирантурасы ашылды. 1964 жылы «Экономикалық география» (жетекшісі г.ғ.к., доцент Г.Е. Москалев) мамандығы бойынша аспирантура ашылды. Факультеттің алғашқы аспиранттары мен түлектері – А.З. Петренко (ботаника кафедрасы) және А.Я. Парфенова (география кафедрасы) болды.

1965-1968 ж.ж. факультетті п.ғ.к. Л.Г. Завадская басқарды. 1967-1980 ж.ж. осы жылдар аралығында «Экономикалық география» кафедрасында Ғ.Ж. Сарсенғалиев, Қ.Т.Тұрашев, Л.И. Казакова, Л.Н. Ильина, Н.Н. Ульянова, Д.М. Чернышев жұмыс жасады. Кафедра жаңа жас оқытушылармен толықты: А.Ғ. Ғалымов, Т.А. Терещенко, В.И. Амельченко.

1968 жылы факультет деканы болып А.З. Петренко тағайындалды. 1973-1979 ж.ж. факультетті институт ректоры қызметіне ауысқанша Е.А. Агелеуов басқарды.

1985 жылы факультеттің алты кафедрасы ботаника, химия, география болып 3 кафедраға біріктірілді.

1987-1992 ж.ж. факультет деканы болып Е.Б. Байшағанов, одан кейінгі жылдары факультет деканы А.Б. Бақтығұлов (1992 – 1993 ж.ж ), Л.А. Байдулова (1993 – 1994 ж.ж.), П.В. Дебело (1995 – 1997 ж.ж.), М.Н. Панкина (1997-1999 ж.ж.), С.К. Рамазанов (1999-2000 ж.ж.), Е.Х. Мендыбаев (2000-2004 ж.ж.), Ж.М. Қарагойшин (2005-2010 ж.ж.) А.Б. Медешова (2010-2012 ж.ж.),  А.Б.  Ниязбекова (2012-2015 ж.ж.),  Г.Н. Сулейменова (2015-2016 ж.ж), Г.С. Кайсагалиева (2016-2018 ж.ж.) және  2018 жылдан А.А. Тургумбаев.

Жаратылыстану-география факультеті бүгіні.

Жаратылыстану-география факультеті университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Жаратылыстану-география факультетінің құрылымында екі білім беру бағдарламасы: «Биология, география, химия мұғалімдерін дайындау» және «Биологиялық, химиялық және қоршаған орта» білім беру бағдарламалары, Биогеоэкологиялық химиялық сынақ зертханасы, Зоологиялық мұражайы, Кеппешөп қоры, химия, биология, география оқу зертханалық кабинеттері жабдықталып, оқу үдерісінде қолданылады.

Факультетте профессорлар: Д.К. Мендалиева х.ғ.д., Т.Е Дарбаева б.ғ.д., доценттер: Н.К. Череватова х.ғ.к., Т.А. Терещенко г.ғ.к., З.Я. Сахарнова б.ғ.к., В.И. Амельченко г.ғ.к., М.А. Галимов г.ғ.к., З.Х. Кунашева х.ғ.к., А.У. Утаубаева б.ғ.к., Г.С. Кайсагалиева б.ғ.к., С.Г. Айтуғанова п.ғ.к., Н.В. Акатьев х.ғ.к., А.С. Ергалиев б.ғ.к., С.К. Рамазанов г.ғ.к., Б.Б. Сарсенова б.ғ.к., М.Х. Гумаров б.ғ.к., Б.С. Альжанова а-ш.ғ.к., Д.Т. Утеулиева б.ғ.к., философия докторлары (PhD) Э.Ж. Имашев, Р.Ж. Кожагалиева, А.Н Сарсенова, С.С. Бакиев, Ж.Б. Якупова, Г.Б. Хасанова  сияқты ғалымдар қызмет етеді.

Студенттер оқытушылардан тәлім-тәрбие алып, үнемі өз білімдерін жетілдіруде. Факультет өзінің қазіргі студенттерімен қатар,  қоғам қайраткерлері түлектері И.Тасмағамбетов, Е.Тарасенко, Ө.Куспанов, О.Жумаханов т.б. мақтанады.

2025 жылы алғашқы білім беру деңгейі бойынша «ҚРҒЖБМ ғылым саласындағы сапаны қамтамассыз ету бойынша Комитетінің 2025 ж. 29 желтоқсанындағы №2167 бұйрығы негізінде 8D051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар, 8D05101 «Биология», 8D05102 «Биология» білім беру бағдарламаларына докторантура ашылды.

Факультет ғылыми-зерттеу жұмысы:

Қазақстан Республикасының ҒЗО, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, алыс және жақын шетел ғылыми орталықтармен; жақын шетел жоо-мен (Мәскеу, Самара, Санкт-Петербург, Волгоград, Саратов, Орынбор); алыс шетел жоо-мен (Германия, Польша, Турция, АҚШ) байланыс арқылы дамып отыр. Жоба мен келісім шарт жұмысқа қатысу мына бағыттарда жүзеге асырылады: «Қарашығанақ ПО б.в.», «Жайықмұнай» ЖШС  келісім-шарттық жұмыстар, ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі гранттық қаржыландыруы бойынша, «Жас ғалым», «Жас ғалымдарға арналған байқау» АҚШ, Польша, Ресей ғалымдарымен бірге Орал өңірі өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеуге арналған халықаралық экспедициялары ұйымдастырылып тұрады. «Аралсор халықаралық ғылыми экспедициясы». Жаратылыстану-география факультеті ғылыми-зерттеу жұмысында 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 2 жоба («Қазақстан Республикасының трансшекаралық Жайық-Каспий бассейніндегі су қауіпсіздігі: 2050 жылға дейінгі тұрақты сумен қамтамасыз ету стратегиясы» «Жасыл өсу контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерін тұрақты дамыту: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамды бағалау және сценарийлер» мегагранты), BR28712767 «Орал өңірінің экологиялық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық-географиялық, палеобиогеографиялық аспектілерін зерттеу және оның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау» атты 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жүргізілуде.

Факультет профессор-оқытушыларының баяндамалары мен мақалалары конференциялар мен ғылыми-зерттеу журналдарында жарияланып тұрады. «БҚУ Хабаршысы» ғылыми журналының «география және экология» сериясы Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне енді.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру жобасы аясында тақырыбы: AP27510713 «Жер үсті және жер асты суларының экожүйелерінде антибиотикрезистентті шартты-патогенді бактериялардың таралуын бағалау» жүзеге асырылуда (ғылыми жетекшісі С.С. Бакиев). «Батыс Қазақстандағы қазба теңіз бауырымен жорғалаушылардың биоәртүрлілігін зерттеу» Ғылыми жетекші Ж.Б. Якупова. «Болашақ» халықаралық ғылыми стипендиясы бойынша 2022-2026 жж. үш ғалым-оқытушылар шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтті (Ресей, АҚШ).

Жаратылыстану-география факультетінде бакалавриат бойынша студенттерді дайындау төмендегі бағыттарда:

В012-Химия мұғалімдерін дайындау:

6В01534 – Химия (ІР)

6В01508 - Химия – Биология

В053-Химия:

6В05301 - Химия

В014-География мұғалімдерін дайындау:

6В01512 – География-Тарих

6В01519 - География (ІР)

В052 - Жер туралы ғылым:

6В05204 – География

В013 - Биология мұғалімдерін дайындау:

6В01526 – Биология-География

6В01533 - Биология (ІР)

6В01532 - Биология-Психология

В051 - Қоршаған орта:

6B05201 - Экология

Магистратура ББ:

7М01507 – Химия

7М01510 - География

7М05201 - Экология

7М01509 – Биология

7М05101 – Биология

7М01537 - Биология (қос диплом) (Н.Г. Чернышевский ат. Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті)

Докторантура ББ

8D05101 - Биология

8D05102 – Биология

Факультет жаңалықтары

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауында II орын

Толығырық...

«Химия - ғажайыптар әлемі!»

Толығырық...

«Ғылымға ғұмырын арнаған тұлға»

Толығырық...

Деканат мекенжайы: 090000 Орал қаласы, Н.Назарбаев 121, №5 оқу ғимараты, 3 каб.

Жеке мәселелермен қабылдау уақыты:

сейсенбі 15:00-17:00 (каб 3),

бейсенбі 15:00-17:00 (каб 3)

 

Телефон: 8 (7112) 50-35-49

E-mail: a.turgumbaev@ps.wku.edu.kz

© M.Utemisov WKU
  • Басты бет
  • Факультет
    • Факультет туралы
    • Академиялық ұтқырлық
    • Академиялық күнтізбе
    • Студенттік өмір
    • Конференциялар
    • Білім беру бағдарламалары
      • Биология, химия ғылымдары және қоршаған орта білім беру бағдарламалары
      • Биология, география, химия мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламалары
    • Ғылыми қызметі
    • Халықаралық ынтымақтастық
  • Жаңалықтар
  • Бейнедәрістер